Анықтама

Анықтама

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын (бакалавриат деңгейі) бағалау жұмысын жүргізуде.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 66 білім беру бағдарламасын бағалау нәтижелері бойынша рейтинг қалыптастырылды.

Анықтама үшін: еліміздегі жоғары оқу орындарына «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша барлығы 70 лицензия берілген, соның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволарына бағынбайтын 2 жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына бағалау жүргізілмеген, сондай-ақ оқуға қабылдаудың және бітірушілердің болмауына байланысты 2 жоғары оқу орны – Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Қаржы академиясы рейтингіге кірген жоқ.

Білім беру бағдарламаларын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі –жұмысқа орналасқан түлектердің пайыздық үлесі мен олардың орташа жалақысы. 2017 жылдың түлектері және олардың жұмысқа орналасқаны  туралы мәліметтер Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесінен (ЖБББЖ) алынып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) базаларымен салыстырылды.

Бірінші кезеңде ЗТМО-ның жалпы деректерімен расталатын, 2016 жылғы түлектердің орташа жалақысы мен бағаланатын білім беру бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасқандығының пайыздық үлесі, профессор-оқытушылар құрамының практикалық тәжірибесі, ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына жасаған инвестициялары, салалық қауымдастықтар және/немесе жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларын, элективті пәндер каталогін, силлабустарды әзірлеу фактілері, білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитациясы туралы деректер талданды.

Екінші кезеңде Қазақстан Республикасының жетекші АТ-компаниялар мамандарын тарту арқылы, білім беру бағдарламаларындағы алшақтықтарды бағалау және талдау жүзеге асырылды.

Осы бағалау нәтижесінде сарапшылар маман даярлаудың білім беру бағдарламаларында студенттердің уақытын алатын, оқуға қажет емес пәндердің, сондай-ақ оқыту барысында ескірген бағдарламалау тілдерін қолдану фактілерінің (мысалы, «Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау» пәні бойынша нарықта қажет емес Pascal тіліне арналған тақырыптар қарастырылған) бар екенін атап өтті.

 

Бұдан басқа, аралық талдау нәтижелері бойынша келесі мәселелер анықталды:

- үлгілік оқыту бағдарламалары (ҮОБ) икемділігінің болмауы, ҮОБ көмегімен қатаң регламенттелетін пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларына ескертулер;

- студенттер үшін білім беру траекториясын таңдаудың болмауы; Тәжірибе көрсеткендей, көптеген университеттерде студенттердің пәндерді таңдауы немқұрайлы жүргізіледі және штаттағы оқытушылардың құзыреттілігі негізінде қалыптастырылады.

- қажетті зертханалық сыныптардың болмауы; Мәселен, Астананың, сондай-ақ көптеген өңірлік университеттердің түлектері IOS үшін бағдарламалар жазбайды, себебі Mac OS компьютерлік сыныптары (Apple компьютерлері) жоқ.

- пәндердің жұмыс бағдарламалары (силлабустар) АТ-нарықтың қажеттіліктеріне, көбіне мемлекеттік ЖОО-ларда, сәйкес келе бермейді. Мұндай проблема профессор-оқытушылар құрамы жалақысының төмендігіне және нарықтағы мамандарды тарту мүмкіндігінің болмауына байланысты. Салыстыратын болсақ, мемлекеттік университеттің профессоры толық жүктемемен және басқа да қосымша үстемеақылармен 130-150 мың теңге, ал оқытушылар мен аға оқытушылар 100 мың теңгеге дейін жалақы алады. Жеке меншік жоғары оқу орындары 300 мың теңге немесе одан жоғары жалақы ұсынады.

 

Жалақының деңгейі түлектердің еңбек нарығына кәсіби даярлығына тікелей байланысты. Бұл фактор жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы бар, білім беру бағдарламасы сапалы ЖОО-ларды бітіретін түлектердің нарықта бәсекеге қабілетті болатынын және сәйкесінше жоғары жалақы алатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, осы қорытындылар бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы ЖОО-ға (білім беру бағдарламаларының сапасы мен профессор-оқытушылар құрамына) тікелей байланысты деп айтуға болады. Сапасы нашар болса, түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы да төмен болады. Кестеде жалақылары және түлектердің жұмысқа орналасу пайызы төмен ЖОО-лар келтірілген.

Ұсынылған материалдарға сәйкес, 66 жоғары оқу орнының 8-інде ғана білім беру бағдарламасының халықаралық аккредитациясы бар. Халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының сараптамалық бағасы жоғары балдармен расталады.

Рейтингідегі орны

ЖОО

Халықаралық аккредитация

 

Сараптамалық бағалау

1

Қазақcтан-Британ техникалық университеті

ABET

4,85

8

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ASIIN

3,29

12

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ACQUIN

3,36

18

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ASIIN

3,64

22

Рудный индустриалдық институты

ACQUIN

2,83

Сараптамалық бағасы мен рейтингідегі орны ең жоғары білім беру бағдарламаларын талдау.

Рейтингідегі орны

ЖОО

Сараптамалық бағалау

1

Қазақстан-Британ техникалық университеті

4,85

2

Атырау мұнай және газ университеті

3,88

10

Сулейман Демирель атындағы университет

3,78

4

Нархоз университеті

3,76

2

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

3,71

19

Алматы менеджмент университеті

3,69

18

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3,64

6

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

3,63

Оценка образовательной программы по специальности "Информационные системы"