Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында әзірленді.
Заң жобасының мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспардың жетпіс сегізінші қадамын орындау.
Онда «Назарбаев Университеті» тәжірибесін ескере отырып, вуздардың академиялық және басқару дербестігін кезең-кезең бойынша кеңейту көзделген.
Заң жобасында бір кодекске, және 3 заңға өзгерістер енгізу қарастырылған.
Жалпы осы өзгерістер вуз қызметінің басты үш бағытын реттейді: академиялық, басқару және қаржы қызметі.
Академиялық дербестік бойынша
Академиялық дербестік дегеніміз – вуздың академиялық программасының мазмұнын өздері анықтау, оқу сапасын жақсарту бойынша құзырет беру.
Бұл мәселе білікті кадрлар даярлауды, жаңа кәсіп-терді қажет ететін жаңа экономикаға көшу кезінде өте маңызды.
Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жоғары білім еңбек нарығының талабына толығымен, уақытылы жауап бермейді.
Мысалы, тарих-география мамандығы ауыл мектептері үшін қажет болуына байланысты осы мамандықты ашпақ болғанбыз. Казіргі заңнамаға сәйкес ол үшін 2 жыл уақыт керек болған. Өйткені республикалық әдістемелік кеңес өткізу қажет, сосын классификаторға өзгеріс енгізу үшін Инвестиция және даму министрлігіне өтініш беру, юстицияда оны тіркеу, содан кейін типтік оқу программасын бекітіп, лицензия алу керек. Ал нарық бүгін жылдам өзгеруде. Осыған байланысты аталған факторлар жойылып, Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сәйкес тәртіп енгізілді. Бұл халықаралық тәжірибие, басқа да елдерде, мысалы, Ресейде қазіргі уақытта Путиннің ұсынысымен IT мамандықтарға арналған бакалавриатты 2,5 жылдың ішінде даярлауға болады.
Біріншіден. Жобада вуздың академиялық дербестігін 65%-дан 85%-ға дейін кеңейту ұсынылады. Ол үшін – вузға білім беру программасын өзі дербес әзірлеу компетенциясын беру.
Осылайша, әр мамандық бойынша программаны еңбек нарығына сай вуз өздері дайындайды және қоғам бағалайтын болады.
Осы білім беру программасын тіркеу және ақпарат алу үшін Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі арқылы Білім беру программалары реестрін енгізуді қарастырып жатырмыз.
Екіншіден. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде кадрларды дайындау – Мамандықтар классификаторына сәйкес жүргізілуде. Онда 600-ден астам мамандық бар. Олардың көбі еңбек нарығы үшін өзекті болмай отыр.
Еңбек нарығының талабына кадрлардың сәйкес келмеуі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар классификаторына жаңа мамандық енгізудің ұзақ процесіне (6 айдан 1 жылға дейін) байланысты болып отыр.
Білім беру программасына өту Классификатор структурасын өзгертуді қажет етеді.
Осыған байланысты, жаңа Классификатор енетін болады. Оның жобасы дайын.
Жаңа Классификатор кеңейтілген бағыттар бойынша жүргізіледі, ал сол бағыттың ішінде вуздар өздері, нарыққа сәйкес білім беру программаларын дайындайтын болады.
Үшіншіден. Осы жаңа өзгерістермен бірге лицензиялау механизмі де өзгереді. Бұрын әр мамандық бойынша лицензия берілсе, енді жаңа енгізілетін Классификаторға сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензия беріледі.
Басқа сөзбен айтқанда, вуз кадрларды даярлаудың кеңейтілген бағыты бойынша лицензия алып, оның аясында білім беру программасын өздері әзірлеп, орындайтын болады.
Төртіншіден. Жоғары білім сапасын бағалау аккредиттеу механизмі арқылы іске асады.
Бүгінгі таңда Аккредиттеу агенттіктер реестріне 8 агенттік кіреді, оның ішінде 5-уі қазақстандық және 3-уі – шетелдік агенттік. Олардың регламенттері халықаралық стандарттар негізінде әзірленген.
Сонымен қатар, елімізде қазақстандық және шетелдік аккредиттеу агенттіктері арасында бәсекелестік орта әлі де қалыптасуда.
Осыған байланысты, еуропалық, америкалық және азиялық аккредиттеу агенттіктерін көбейту бойынша өзгеріс енгізу ұсынылады.
Осы жағдай халықаралық стандарттардың, оның ішінде Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі сапасын қамтамасыз ету (ESG) бойынша стандарттар мен нұсқаулық принциптерін ескеріп, қолданыстағы аккредит-теу институтын жетілдіругежағдай жасайды.
Бесінші. Академиялық еркіндікті кеңейту аясында білім алушыларға қосымша өзінің білім алу траекториясын анықтауға құқық беріледі. Осылайша студент негізгі («Major»), сонымен қатар, қосымша («Мinor») білім беру программасы бойынша пәндерді таңдай алады.
Нәтижесінде, студент заман талабына сай болуға жағдай жасайтын негізгі және қосымша мамандық алуға мүмкіндігі бар.
Онымен қоса, пәнаралық практиканы жаппай енгізуге жағдай жасалады.
Мысалы, қазіргі практика бойынша бұл педагогикалық мамандық-тарда болса (физик-математик, химик-биолог), енді барлық мамандықтарға таралатын болады.
Басқарушылық дербестік бойынша
Вуз-дың академиялық еркіндігін арттыру университетті басқару жүйесінің өзгеруіне тығыз байланысты. Оның өзгеруі – жұмысқа қабылдау, мамандықтар және даярлау бағыттары бойынша студенттер контингентін қалыптастыру, вуздардың академиялық структурасын анықтау мәселесін дербес шешуге жағдай жасайды.
Бұл үшін келесі шараларды атқару қажет:
Бірінші. Вуздың ұйымдық-құқықтық формасын өзгерту. Өйткені, мемлекеттік вуздар мемлекеттік мүлік туралы заңмен реттеледі. Бұл оларға қиындық тудырады. Кей жағдайда олардың негізгі миссиясы мен мақсаттарына қайшы келеді.
Коммерциялық емес формадағы вуздардың артықшылығы – корпоративті басқару нормасын сақтайды және алған табысты вузды дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді.
Ол үшін, Заң жобасында мемлекеттік және ұлттық вуздарды мемлекет 100% қатысатын коммерциялық емес акционерлік ұйымға өзгерту бойынша нормалар енгізілген. Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жеке-меншік вуздарға арналған трансформациялау механизмі жеңілдеді. Бірақ, ол міндетті емес.
Осылайша, РГП-дан коммерциялық емес ұйымға өту кезінде университеттер Кәсіпкерлік кодекс аясында кейбір коммерциялық қызмет түрлерін жүргізе алмайды.
Осы мәселені шешу үшін «Білім туралы» Заңға университет қызметі мен компетенциясын регламенттейтін жеке бап қосу ұсынылды.
Аталған бап заң жобасының қағидасы және депутаттар ұсынған өзгерістер бойынша дайындалды.
Баптың нормалары университеттерге коммерциялық қызметтің 13 түрін атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, университеттердің басты компетенцияларын анықтап, университеттерге қосымша мынадай құқықтар берілді:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында эндаумент-фонд құру;
2) бюджеттен тыс қаржы есебінен ғылыми – білім беру қызметімен айналысатын заңды тұлғалар құру;
3) стартап компаниялар ашу;
4) жарғылық қызметті іске асыру үшін қосымша материалдық және қаржы көздерін тарту;
5 шетелдік мемлекет-терде филиалдарын құру және де басқалары.
Екінші. Ұсынып отырған ұйымдық-құқықтық форма –корпоративті басқару принциптерін енгізу дегенді білдіреді.
Көптеген ұлттық вуздарда байқау кеңестері бар. Яғни басқарудың алқалы формасына кезең-кезеңмен көшіп жатырмыз.
Корпоративті басқару органдарын дамыту Вуз-дың басшыларын тағайындау мен босатудың жаңа механизмін енгізуге, олардың құзыретінің мерзімін анықтауға, қоғам алдында есеп беру практикасын енгізуге мүмкіндік береді. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Мысалы, қазір жаңа механизмдер аясында ашық конкурс арқылы 16 ректор сайланды.
Осылайша, заң жобасы университеттің ішкі структурасын жасау, қызметкерлерді іріктеу және орналастыру критерийлері мен процедураларын дербес әзірлеуге байланысты функцияларды орындауға құқық берді.
Үшінші. «Академия», «университет», «зерттеу университеті» және «институт» ұғымдары арасындағы айырмашылықты нақты реттеу керек.
Жоғарыда аталған шаралар вуздардың бәсекеге қабілетін арттырады және заман талабына сай жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Қаржы қызметі бойынша
Біз академиялық және басқару дербестігі бойынша өзгеріс енгізумен қатар, қаржыландыру қызметін де күшейтуіміз қажет.
Қаржы-ландыру-ды өзгерту бюджеттік және бюджет-тен тыс қаржыны дұрыс пайдалануға және материалдық-техникалық, әлеуметтік базамен қамтамасыз етуге жағдай жасауы тиіс. Осыған байланысты:
Біріншіден. 4 жыл бойы мамандықты қаржыландырудан бас тартып, программаны игеру мерзіміне тиісті кредиттік технология бойынша қаржыландыруға көшу.
Осыған байланысты заң жобасында Министрлікке кредиттік оқыту технологиясын ескеріп, вуздарды қаржыландыру тәртібін бекіту және мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша жаңа құзырет қарастырылған.
Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты бекіту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін өзгерді. Осы ұсыныс экономиканың нақты секторын есепке алып, мемлекеттік тапсырысты тиімді бөлуге жағдай жасайды.
Екіншіден. Қаржылық саясатты регламенттеу аясында Вуздар-ға ақылы түрде оқыту бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылады.
Аталған өзгеріс азаматтарға, оның ішінде халықтың осал топтарына жататын адамдарға жоғары білім алуға қол жеткізуді кеңейтуге жағдай. жасайды.
Аталған өзгерістер вуздарға көптеген еркіндік және олардың басшыларының әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады.
Құрметті депутаттар!
Заң жобасы мемлекеттік органдармен келісілді.
Бүгінгі күнге заң жобасын Парламент депутаттары талқылап, қазірдің өзінде 150 (жүз елуге) жуық өзгерістер енгізілді.
Көптеген негізгі өзгерістер Үкіметтің тиісті отырысында қаралып, мақұлданды. Қазіргі уақытта көптеген өзгерістерді мемлекеттік органдар қарастырып жатыр. Заң жобасын жақсарту мақсатында үлкен жұмыс жүргізілді.
Осы жұмысқа қатысқан Мәжіліс депутаттарына барлық ұсыныстарыңыз үшін, сіздердің бөлген уақыттарыңыз үшін барлығыңызға Министрліктің атынан алғыс білдіреміз.
Заң жобасын қолдауды сұраймыз.
Рахмет!