«Қазақстан Республикасы мен Қайта Құру және Даму халықаралық Банкі арасындағы Займ туралы келiсiмдi бекiту туралы (Орта білімді жаңғырту жобасы)» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің сөзі

«Қазақстан Республикасы мен Қайта Құру және Даму халықаралық Банкі арасындағы Займ туралы келiсiмдi бекiту туралы (Орта білімді жаңғырту жобасы)» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің сөзі

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы,

 Құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді  ратификациялау туралы»  Заңының жобасы Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» программасының 76-ыншы қадамында орта білімді дамыту бойынша берілген тапсырмаға сәйкес келеді.

 

Жоба бойынша жалпы шығын 75 млн. АҚШ долларын құрайды. Таза қарыз сомасы - 67 млн. доллар, және де салық төлеу үшін республикалық бюджеттен 8 млн. доллар қоса қаржыландыру қарастырылған.

 

Қарызды өтеу мерзімі – 17 жыл, оның ішінде 5,5 жыл жеңілдік мерзімі. Яғни жобаның жүзеге асыру барысында алғашқы бес жарым жылга төлеуден босатылу.

 

Жалпы ұсынылған Жобаның мақсаты - орта білім жүйесінің сапасын көтеру,  білім берудегі қолжетімдік пен теңдікті арттыру болып табылады.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасын қарастыру  барысында бірқатар маңызды ұсыныстар берілді.

 

Осыған байланысты Білім министрлігі берілген ұсыныстар бойынша  шараларды қайта қарастырып, депутаттардың ұсыныстарын ескерді.

 

Дүниежүзілік банкпен барлық өзгерістер келісілді. Бірақ заңнамаға сәйкес, ол өзгерістер Келісім заңды күшіне енгеннен кейін ғана енгізілетін болады.

 

Осыған сәйкес жоба келесі негізгі бағыттарды қамтитын болады.

 

Ауыл мектептерін мультимедиялық жабдықтау, атап айтқанда компьютер, проектор және экраннан жиналған комплекттер. Оған шамамен 16 млрд. (67%) теңге бөлінеді.

 

Бүгінгі күні  мектептердің 29% интерактивті жабдықтармен қамтылған. Жоба аясында мультимедиалық комплектілерді 16 250 ден 32 500 жеткізу арқылы 5400 мектеп осы жабдықтармен қамтылады, немесе 62 %.

 

Білім беруді цифрландыру кезінде бұл өте өзекті және тиімді болып табылады.

 

Бұл көп сома ауыл мектептерінің, әсіресе шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері мен оқушылары үшін аса тиімді.

 

Алдыңғы жылы біз Еліміздің 100 пайыз мектептеріне Білімленд цифрлық білім беру ресурстарын орнаттық. Ол дегеніміз 40 мың видео- сабақтар мен лабораториялық жұмыстар. Осы ресурстарды кеңінен пайдалану өте маңызды.

 

Жолдауда көрсетілген Педагогикалық білім беруді дамыту бойынша тапсырманы орындау мақсатында педагогикалық кадрларды дайындайтын университеттер үшін 47 білім беру программасы енгізілетін болады. Сонымен қатар осы университеттерді Интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Бұған 457 млн. теңге жұмсалады (1,8%)  

 

Білім саласының педагогикалық және басқару потенциалын арттыруда 200-ден астам ауыл мектептерінің мұғалімдері мен директорларын ИКТ-сауаттылық және менеджментке мультимедиялық ресурстар арқылы оқытамыз. Оған 5 млрд.т. (21%) қарастырылған.  

 

Келісімнің тағы бір маңызды бағыттарының бірі Инклюзивті білім беруді қолдау болып табылады. 

 

Жобада ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды кәсіби-мамандыққа даярлау бойынша арнайы оқу программаларын әзірлеу қарастырылған. Одан басқа 
мектептер жанынан 9 инклюзивті ресурстық орталық ашу, көзі нашар көретін және дамуы кем балаларға арналған жеті жарым мың Брайль оқулығын сатып алу, инклюзивтік білім берудегі 1000 дефектолог маманды арнайы курстарда оқыту қарастырылған. Оған 433 млн теңге бөлінеді (1,8%).

 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің стандарттарын қайта қарастыру өте маңызды. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу шеңберінде ВОУД, ҰБТ тапсырмаларын да өзгерту керек. Тапсырмаларды ақпаратты есте сақтау қабілетін бағалауға емес,  баланың функционалдық сауаттылығын анықтауға, алған білімін қолдана білуін тексеруге бағыттап құру кажет болып тұр. Сондықтан мультимедиа элементтері бар 230 мыңнан астам  жаңа тест тапсырмалары жасалатын болады. Оған 1,2 млрд. т. бөлінеді (5%).

 

Жобаны басқару, мониторинг жүргізу және бағалауға жалпы соманың 3% (1,6 млрд.т.) ғана жұмсалады. Бұл қаражат  жобаның тиімділігін  3 негізгі, 13 аралық индикаторлар бойынша қорытынды бағалауға жұмсалады.

 

Жалпы Жобаның басты бенефициарлары 3 млн-нан астам мектеп оқушылары, оның ішінде ерекше білім қажеттіліктері бар балалар, мектептердің 200 мыңнан аса  мұғалімі мен директорлары, педагогикалық  жоғары оқу орындары студенттері болмақ.

 

Жоспарланған шаралар ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығын қысқартуға көмектеседі. Цифрлық білім беру ресурстарына қол жетімділікті арттырады және сол арқылы сапалы білімге жеткізеді.

 

Қорытындылай келе, Жоба Қазақстанның болашағы- оқушылардың, жастардың - бәсекеге қабілеттілігін арттырып, барлық қоғам үшін оңтайлы әлеуметтік-экономикалық әсер береді - деп есептейміз.

Құрметті депутаттар! Осы заң жобасына қолдау 
көрсетулеріңізді сұраймыз!