Құрметті Гүлмира Истайбекқызы!
Құрметті депутаттар, әріптестер!
Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылымды цифрлан-дыруды дамыту бойынша 3 бағытта жұмыс жасап жатыр.
Біріншісі – ол орта білім жүйесінде ақпарат-тандыруды дамыту, екіншісі – білім беруді және ғылымды басқару процесін автомат-тандыру және үшіншісі - ол IТ-мамандарды даярлау.
Бірінші бағыт бойынша. Орта білімді ақпарат-тан-дыру
ОЭСР елдерінде көбісі программалау негіз-дерін 1-ші сыныптан бастап оқытады.
Бізде «Информатика» пәні мектепте 5-ші сыныптан бастап оқытылған. Ал биыл 3-ші сыныптан басталады.
Сонымен қатар 5-11-ші сыныптарда «Информатика» пәніндегі программалау тілдері қайта қарастыры-латын болады. Программалау тілдері тез тез өзгеріп отырады, сондықтан біздің балалар ең соңғы программа-лармен оқуы керек.
Сонымен қатар, оқытуды 1-ші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша эксперт-термен жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Қазір жоба жасалып, әрi карай қоғамда және мұғалім-дермен талқы-ланатын болады.
Қазіргі кезде 3 мың-нан астам мектеп пен оқушылар сарайында робототехника бойынша элективті курс енгізілді. Бірақ бізге робототехниканы барлық мектептерге дейін жеткізу керек. Бүгінгі міндет – ол робототехника кабинет-терін комплект-термен жабдықтау. Өткен жылда жергілікті органдар мен вуздардың есебінен сегіз жүзге жуық жаңа толық кабинет сатып алынды, ол жұмысты жалғастырамыз.
Бес мың төрт жүз (5400) педагог біліктілік курстарынан өтті, оның ішінде жеті жүз отызы (730) робототехника бойынша.
2018 жылы тағы екі жарым мың мұғалімді оқытамыз. Соның ішінде робототехника да болады.
Тағы жүз мыңнан астам пән мұғалімдері ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша курстарынан өтті. Қазіргі уақытта енді барлық курска келген мұғалімдер міндетті түрде IТ қолдану курстарынан өтеді.
Сонымен бірге мектептердің инфраструктура-сын дамытып жатырмыз. Қазір мектептердің 99 пайызы (6 960 мектеп)интернетке қосылған, оның ішінде 62 пайызы жылдам интернетке қосылды (жылдамдығы 4 Мбит cекундаға артык). Бүгінгі күні 2 жарым мың мектепте немесе 35% мектептің ішінде Wi-Fi тартылды. Ол да оте манызды жумыс.
Барлық мектептерге bilimland деген үш тілдегі инновациялық контент берілді.
Яғни, әрбір мектепке 40 мың видео-лекция және интерактивтік сабақ қосылды. Интернет жоқ жерлерде олар мектептегі сервер-ларға орнатылды. Енді Wi-Fi тарату немесе әрбір мектепте кластарға кабель тартып, видео проектор-ларменқамтамасыз ету керек.
2016-2017 жылдары жыл сайын 14 мыңнан астам мульти-медиялық комплект сатып алынды. Осы жылы республикалық бюджеттен тағы да 6 (алты) млрд. теңге трансферттер бөлінді, үшінші жыл қатарынан әкімдіктер қосымша 10 мыңнанастам комплект сатып алып жатыр. Бізде Дүниежүзілік Банктің займы қаралып жатыр, оның 70 пайызы видео құралдарға жумсалатын болады. Алдағы мақсат–ауылдағы және қаладағы мектептердің видео кұралдарын 80 пайызға жеткізу. Ол мұғалім-нің орнын баса алмайды, бірақ бұл мұғалімге де, оқушыға да үлкен көмек.
Онда физика, химия, биология және тағы да басқа пәндер бойынша Қазақстан-ның және әлемнің үздік видеолары жинақ-талған.
Сонымен бірге, Елбасының Жолдауына сәйкес, барлық регионда оқушылар сарайының базасында қажетті инфрақұрылымы, компьютер, лабораториясы, 3D-принтер бар балалар технопарк-тері мен бизнес-инкубатор-ларын құру жұмыстары басталды.
4 мыңнан астам мектепте электрондық «Күнделік» енгізілді. Сонымен қатар, сол сияқты «Bilimal» және «Mektep» компанияларының электрондық күнделіктері косымша алты жүз (600) мектепте бар. Бұның бәрін шамамен үш жарым млн. адам қолданады. Олар: мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар.
Мен бұған дейін айтқандай, ең алыс ауылдарға электронды күнделікті, барлық пәндер бойынша үздік видеосабақтарды қолжетімді ету міндеті тұр. Қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік.
Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу болады да, керек те. Оны тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және тыйым салынды. Тиісті бұйрық қабылданды. Осы бұйрықты көп уақытынан мүғалім сұраған.
Және бүгінгі күні мектептің мұғалімдері жүргізетін құжаттарды бекіттік. Олар тек 5 құжатты толтырады және де электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Осыған да тиісті бұйрық қабылданды. (ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы). Алдағы уақытта мұғалімдер өздерінің функция-ларына сәйкес емес жұмыстарды істемеу үшін, барлық деңгейдегі басшылар өз бақылауында ұстау керек.
Екінші бағыт. Білім жүйесін басқару процестерін автомат-тандыру
Мемлекеттік қызметтерді автомат-тандыру білім берудің барлық деңгейлерін қамтуы тиіс, яғни балабақша-лардан басталып PhD дипломы-мен аяқталуы қажет.
Мектепке дейінгі білім беруде біз балабақша-ларға автоматты түрде орналастыру жүйесін 14 қалада енгіздік. Балабақша-ларға кезекке тұру және жолдама беру кезегін автомат-тандыру-дың жаңа стандарты бекітілді. Процесті автомат-тандыру құжат тапсырған адаммен тікелей байланысты жояды және коррупцияға жол бермейді, процедура ашық болып, сапасы жақсартады. Бәрі автоматты түрде.
Орта білім беруде. Мектептерге қабылдау, өзара ауысу, электронды режимде іске асырыла бастады. Шымкент, Алматы қалаларын-да пилоттық жоба жасалынды. Енді бұл программаны барлық аймақтарға таратып, енгізетін боламыз.
Үшінші бағыт. IT мамандарды даярлау.
Бүгін IT мамандығы бойынша сексен төрт (84) ЖОО (ВУЗдарда) 33 (отыз үш) мың студент және үш жүз (300) колледжде24 мың студент оқиды.
Жыл сайын вузды 10 мың студент және колледжді 8 мың студент бітіреді.
Біз жоғары білім беруде ІT-мамандықтарға грантты жыл сайын көбейтіп жатырмыз. Биыл Елбасының тапсырмасы бойынша, 20 мың қосымша грант бөлінеді, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандық-тарға бөлінді, соның ішінде IT студенттер да бар.
Бірақ бізге ІТ маман-дардың білім сапасын арттыру мәселесі маңызды. Бізге санынан гөрі сапасы қажет. Сол үшін осы мамандықтар бойынша дайындайтын университет-тердің рейтингін IT ассоциация-ларымен, «Атамекен» палатасымен бірге жасадық. Бірінші рейтинг дайын, оған 30 IT беретін вуз кірді.
Рейтинг бірнеше критерий бойынша жүргізілді. Бірінші – ол бітіруші студент-тің ГЦВП бойынша жалақысы, жане жұмыска шыкты ма, жок па.
Екінші – «Атамекен» палатасы 200 IT компания және IT мамандығы бар iрi компаниядан, және 4,000 бітіруші-лердің білім сапасы туралы анкета жүргізді.
Үшінші–университет-тердін оку программа-ларын карастырып баға берген.
Алғашкы ІТ рейтингті ректорларға көрсеттік. Ректорлар рейтингті түсініп, қолдап отыр, олардың арасында жақсы бәсекелестік басталып кеттi. Біз енді 40 университет косып, келесі айда, ашык турде, барлық балдарға жеткізіп, жариялаймыз.
Енді осы жол – дұрыс жол, ол көрініп отыр. Барлық вуздардың білім программалары тез жаңартылатын болады және сапасы жақсарады.
Сонымен қатар «Болашақ» арқылы IT бағыты бойынша мамандар дайындаймыз. Шамамен 1000 студент оқуды бітірді, бұл «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің 10 пайызын құрайды.
Олардың барлығы Ұлыбританияның, Американың, Малайзияның, Канаданың, Сингапурдың және тағы басқа елдердің үздік университет-терінде оқып, oлардың көбі мемлекеттік органдарда, IT компанияларда, университет-терде жұмыс істейді.
Біз студенттерді «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша оқыта бастадық. Бұл – жаңа бағыт. Жыл сайын гранттарды көбейтетін боламыз.
Жалпы бүгін біздің алдымызда кадр дайындау бойынша екі міндет тұр. Оның біріншісі – IT мамандығы бойынша кадр дайындау болса, екіншісі, біздің ойымызша, басқа мамандық-тарда оқитын студенттердің IT сауат-тылығын көтеру.
Бұл бағыт бойынша өткен жылдан бастап республиканың бүкіл университет-терінде барлық мамандық-тардың студенттері 3 кредит көлемінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқи бастады.
Сонымен, биылғы жылдан бастап, бізге қажет болатын жаңа мамандықтар бойынша біздің университеттер кадр дайындауды бастайды. Мысалы, IT-генетик, IT-медик, сетевой юрист, агроинформатик және тағы да басқалар.
Енді Ғылым саласына келсек, барлық ғылыми гранттарға тапсырыс беру, есептерді қабылдау, мақала-ларды есептеу, электрондық адрестердің базасы цифрланды.
Осы басталған жұмыстардың барлығы жалғасатын болады
Құрметті депутаттар!
Әлем тез дамуда. Біз оны көріп отырмыз. Біздің балалар жылдам өзгеретін әлемде өмір сүретін болады.
Біз басқа мемлекет-тердің жетістіктері мен кемшілік-терін сараптап, жаңа цифрландыру Концепциясын дайындадық.
Осы Концепция негізінде бір үлкен сұраққа жауап беру керек: яғни цифрландыру аясында балалар, мұғалімдер, Үкімет, халықпен барлығымыз қандай нәтижеге қол жеткіземіз?
Біріншіден, бұл – бар акпаратқа жалпы қол-жетім-ді-лік (тотальная информационная доступность) және мобильдік. Бұл дегеніміз – балаларға, мұғалімдерге, мектеп директоры болсын, ата-ана болсын қажетті ақпаратты, қызметтерді әр жерден өз ұялы телефонынан (смартфоннан) алу.
Ол өз бағасын, үй тапсырмасын, бүкіл әлемнің үздік цифрлық білім беру ресурстарын, оқулықтарын көре алады. Сонымен қатар, үйден шықпай ол мектепке, колледждерге, жоғары оқу орындарына түсу, документ-терін тапсыру, басқа мектепке ауысу және сол сияқты жұмыстарды мобильді телефонда жасай алуга тиiс. Және сабақ кестесі болсын, өз портфолиосы, дипломдардың архиві, оқушы болсын, мұғалім болсын, PhD болсын, барлық құжаттарын бір жерге жинап, осының бәрі өзінің ұялы телефонынан, жалпы деректер базасында болуға тиіс. Осы жұмысты бастадық.
Екіншіден, цифрландыру халыққа не береді? Бұл – ашықтық пен әділдік. Міндетті түрде, барлық ақпарат мысалы, мектептердің, жоғары оқу орындарының басшыларын тағайындау бойынша, гранттарды бөлуде, балабақ-шаға кезекке тұруда, аттестат пен диплом алу мәселесі, және тағы да басқа қызметтердің барлығы порталда ашық болуға тиіс. Кез-келген адам оны көре алады және барлық өзгерістерді, мысалы оқушының бағасын, балабақша-дағы кезек, ректорлыққа кандидат-тарды сол сияқты халыққа маңызды ақпаратты халық үнемі, ашық түрде бақылауда ұстайды және оны ешкім із қалдырмай өзгерте алмайды. Оны blockchain енгізу дейміз. Халықтың сенімі ақпараттың ашықтығына негізделеді.
Үшіншіден, балаларға не керек? Ол берілетін білім сапасын арттыру, яғни бүкіл әлемнің үздік оқулықтары қазақ және орыс тілдеріне аударылуы керек, үздік әлемнің және Қазақстан цифрлық лекциялары және интерактивті сабақ бәрін бір жерге жинап, мұғалімдерге, балаларға, студенттерге тәулік бойы ашық, керек болса үйден, мектептен, керек болса мобильдік телефонынан шығуға мүмкіндік беру қажет, ол – ашық білім порталы. Және осы материалдарды сапалы деңгейде түсіну үшін үздік методикаларды, мұғалімдерге түсінетін ыңғайлы, ұнайтын методикаларды ашық түрде бәріне қолжетімді ету керек.
Төртіншіден, Министрлік тарапынан, баланың осы ақпаратты қалай түсінгенін нақты бақылауда ұстап, он-лайн режимінде, мектеп - мектеп бойынша, күн сайын нәтижесін көріп, дұрыс шешімдер қабылдау үшін, осы жұмыс өте маңызды.
Бұл – жаппай бақылау. Біз оны барлық деректер базасының интеграциясы және бір базаға біріктіру деп атаймыз, «Big Datа» жүйесін құру, онлайн анализ жасау, сонда Министрлік бәрін көріп отырады және осы процесті орталықтан, атап айтқанда ситуациялық орталықтан басқарып отырады.
Министрлік осы төрт бағытты жүйелеп, системалық түрде қадам-қадам графигін жасап, жұмысын бастап кетті. Осы жоба бірнеше рет Үкіметтің жиналыс-тарында қарас-тырылған. Бізде нақты түсінік бар.
Алғашқы уақытта бірнеше маңызды сұрақтарды шешу қажет.
Біріншіден, барлық қажетті ақпарат он-лайн болу үшін, мұғалімдерді, балаларды, жалпы халықты компьютер-лермен, ноутбук-термен, смартфон-дармен жабдықтау.
Екіншіден, интернет желісіне қол-жетімділік. Сіздер көріп отырғандай, бізге керек жылдам-дықпен мектептердің 62% (алпыс екі) проценті интернетке қосылған, 37%-ы қосылмаған. «Цифрлік Қазақстан» программасына сәйкес, Үкіметте барлық мектептерді қосу бойынша нақты жоспары бар.
Сонымен бірге НОБД, электрондық журнал, цифрлік білім ресурстары сияқты программа-сының барлық мектептерде болуы. Көріп отырғандай, қазір бізге әлі де басқа жұмыстар істеу керек.
Үшіншіден, әр программа-ның мобильдік версиясы болу керек. Ол деген ата-ана мен баланың бөлмеден шықпай, мобильді версиясы арқылы барлық жұмыстарын жасап, керек ақпаратты алып, мәселелерін бақылауда ұстауға мүмкіндігі болу керек. Бұл да үлкен жұмыс. Оны да кезең-кезеңмен шешеміз. Ол жұмыс та енді басталып кетті.
Төртіншіден, бізге барлық деректерді бір жерге жинап, бар программа-ларының интеграциясын жасау керек болып тұр. Осы жұмыс былтырғы жылы басталып, 82 ақпараттық системаның өзара қосылуы және басқа да министерство-ларымен интеграциялау жұмыстарын 2 жыл ішінде бітіреміз деп отырмыз.
Біз әр бағытты белгілеп қойдық, облыстар бойынша компьютер-лермен, интернетпен камтамасыз ететін графиктері бар, ол слайдта көрсетілген. Енді Үкімет осы әкімдіктердің жұмысын бақылауда ұстайды.
Құрметті, депутаттар! Біздің ойымызша, кейбір сұрақтар сіздердің деңгей-лері-ңізге шығуы керек, соның ішінде заңды түрде жаңа терминдерді енгізу: мысалы электронды білім, электрондық куәлік, Blockchain жүйесі, дистанционды білім беру сияқты терминдерге бастама жасау керек болып тур. Сонымен қатар осының бәрі заңды түрде Нормативтік құжаттарға және ҚР «Білім туралы» Заңы мен басқа заңдарға өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Сондай-ақ, біз электрондық деректерді сақтау жағдайында жаңа нормативтік циклды жүргізуіміз керек, сонымен қатар электронды құжат алмасуды енгізу, деректердің сақталуы мен ақпараттың дұрыстығы бойынша жауапкершілік және тағы да басқалар. Сондықтан бұл жұмыс әлі де жүргізілуде. Біз сіздермен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасап, барлығын орындаймыз деп сенеміз!
Рахмет!