Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.  Бұл мереке ежелден жақсылыққа үміттенумен, жаңа жоспарлардың құрылуымен, ең ізгі тілектердің орындалуымен байланысты жарқын күн ретінде құрметтелгені кездейсоқ емес. Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Осы жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!