2018 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қоғам өкілдерімен есепті кездесуі өтеді. Кездесу барысында министр білім және ғылым жүйесі дамуының негізгі бағыттарын түсіндіреді, сонымен қатар халықты қызықтырушы сұрақтарға жауап береді. Кездесу аясында Министрліктің салалық департаменттері мен профильдік комитеттері азаматтарға кеңес беретін ақпараттық алаң ұйымдастырылады және олар қызықтырушы сұрақтарға жауап береді. Республиканың аймақ тұрғындары үшін онлайн-режімде бейне конференция байланысы қамтамасыз етіледі. Аймақ өкілдері өз сұрақтарын қойып, оларға толық және мазмұнды жауаптар алады. Министрдің есепті кездесуінің тікелей трансляциясы www.bnews.kz ақпараттық ғаламтор порталында, сонымен қатар ҚР БҒМ Фэйсбуктегі ресми парақшасында таратылады.
Жұртшылықты қызықтыратын барлық сұрақтар www.edu.gov.kz ҚР БҒМ ресми сайтындағы Министрдің ресми блог-платформасында қабылданады.
БҒМ Баспасөз қызметі