
2018 жылдың 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласындажаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибеліқ іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің абырой-беделін арттыру сияқты шараларды атап көрсетуге болады.
Қазақстанның құрама командасы Халықаралық олимпиадалар қорытындысы бойынша рейтингте соңғы жылдары 50 - ші орыннан 11 орынға көтерілді. Жыл сайын республика бойынша әр түрлі кезеңдерінде олимпиадаға миллионға жуық оқушы қатысады.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2018 жылғы республикалық олимпиадаға 780 оқушықатысты, оның ішінде 83 айтулы халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.
Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан шыққан оқушылардан барлығы 20 команда қатысты.
Қазылар алқасы мүшесінің шешімімен І дәрежелі диплом және алтын медальмен 67 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен 104 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен 177 оқушы марапатталады.
Номинациялармен:
- «Олимпиаданың ең жас қатысушысы - 2018» номинациясымен - Серикбаев Исламхан (Қызылорда облысы);
- «Ең үздік ауыл оқушысы - 2018» номинациясымен - Қайыр Еркебұлан (Маңғыстау облысы);
- «Ең үздік ауыл мұғалімі - 2018» номинациясымен - Досекенов Нурберген (Маңғыстау облысы);
- «Ең үздік олимпиадалық мектеп - 2018» номинациясымен – «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ;
- Гуляим Кабидолдановна Байжикенованың «Олимпиаданың сөзсіз жеңімпазы» сыйақысымен Конкаева Бибигуль (Астана қаласы);
- Эдуард Юрьевич Шиннің атынан «Олимпиаданың жаңа аты» сыйақысымен Бидайбек Санжар (Алматы қаласы) марапатталды.