Қазақстанда жаңа технологияларға әуес балалар мен жасөспірімдердің ірі фестивалін өткізу дәстүрге айналды, алайда ол жылдан жылға қатысушылар, серіктестер мен демеушілер үшін танымал әрі қызықты бола түсуде. ROBOLAND 2017-ге 392 команда келгенді. Ол кезде 800-ден аса мектеп оқушылары, колледж студенттері, Қазақстан мен Ресейдің жеке ротототехникалық клубтарының өкілдері 24 номинация бойынша бақ сынасты. Фестиваль күндерінде «Жастар» спорт кешеніне екі жарым мыңнан астам көрермен жиналды. ROBOLAND 2017-ні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ашты, ол шараның ұйымдастырылуы мен ауқымына жоғары баға берді.
Жыл сайын ROBOLAND бағдарламасына жаңа нәрсе енгізілуде. Ұйымдастырушылар аталмыш халықаралық форумды қатысушылар мен қонақтар үшін ерекше қызықты мереке етуге тырсуда. Фестиваль мектеп пен колледж оқушылары арасында робототехниканы насихаттау, осы саладағы қауымдастықтарды біріктіру және дамыту, ұстаздар, студенттер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін жоғарлатуға арналған алаң болып табылады. 2018 жылдан бастап оның атауы мен құрамына өзгерістер енгізілді, енді ол тек қана робототехникаға қатысты ғана емес, жәнеде бағдарламалау мен инновациялық технологияларға да қатысты болмақ. Бұл осындай кең көлемдегі Қазақстандағы алғашқы оқиға, ROBOLAND - республикадағы ең ірі робототехникалық жоба.
IV-ші Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «ROBOLAND 2018» - бұл жаңа қатысушы елдер, 32 номинация бойынша жарыстар, тіркелу мен қорытындыларды шығарудың электронды жүйесі, тәуелсіз кәсіби төрешілер алқасы, робототехникалық өнімдер көрмесі, іскерлік бағдарламаның жаңартылған тұжырымдамасы, семинарлар мен оқу курстары, тұсаукесер мен шеберлік сағаттары, қызықты спикерлер мен қонақтар. Фестиваль аясында «Білім беруде сандық жүйеге ауысу: болашақ құзыреті» атты дөңгелек үстел өтеді. Күн сайын бағдарламада: кәсіби жүргізуші, шығармашылық ұйымдардың өнері, роботтар шоуы, көрермендерге арналған жарыстар.
RoboLand 2018, 30-31 наурыз 2018 жыл, Қазақстан, Қарағанды, «Жастар» спорт кешені.
Фестивальге қатысу үшін өтініштер 2018-ші жылдың 1-ші ақпанынан бастап www.roboland.kz фестиваль сайтында қабылданады.Ұйымдастырушы комитеттің байланыс нөмірлері: тел/факс: +7 (7212) 41 51 94, ұйлы тел: +7 705 303 3863, +7 701 903 8617.
E-mail: roboland.kz@gmail.com