Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде талқыланды.

Іс-шараны ашу барысында жауапты хатшы Өрсариев Арын, өзінің пікірінше сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері өзектілігінің шешімі барша халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылына байланысты болатындығына ерекше тоқталды. 

 

Арнайы мониторингтеу тобының мүшесі Мұсағали Дуамбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы мониторингтеу тобымен бірігіп сыбайлас жемқорлықпен күрес, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын құру бойынша жұмыс жүргізуде екендігін атап өтті. Арнайы мониторингтеу тобының мүшесінің пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа төтеп беруді әркім өзінен бастауы керек, және тек солай ғана біз бұндай жаман әдеттен құтылып оны жеңе аламыз. Мысал ретінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке жеке азаматтардың іс-әрекеттері келтірілді.

 

Арнайы мониторингтеу тобының мүшесі Алибаев Жалғас сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу қажеттілігі туралы баяндама жасады. Ж. Алибаевтың айтуы бойынша сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің өркендеуіне кедергі жасайды, оның ішінде бірге инвестиция тартуға, сонымен қатар мемлекетіміздің имиджіне кері әсерін тигізеді.

Семинар барысында пара алған мемлекеттік қызметкерлердің шулы ұсталуы фактілерімен бейне роликтер көрсетілді.