ҚР Білім және ғылым министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің АНОНСЫ

ҚР Білім және ғылым министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің АНОНСЫ

2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетовтың қоғам өкілдерімен есепті кездесуі өтеді. Кездесу барысында министр білім және ғылым жүйесі дамуының негізгі бағыттарын түсіндіреді, сонымен қатар халық тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді. Кездесу аясында Министрліктің салалық департаменттері мен профильдік комитеттері азаматтарға кеңес беретін ақпараттық алаң ұйымдастырылады. Министрдің есепті кездесуінің тікелей трансляциясы www.bnews.kz ақпараттық порталында, сонымен қатар ҚР БҒМ Фэйсбуктегі ресми парақшасында жүргізіледі.

Сұрақтар www.edu.gov.kz ҚР БҒМ ресми сайтындағы Министрдің ресми блог-платформасында қабылданады.