
Халықаралық ынтымақтастық бойынша Геерман қауымдастығы GIZ 2013 жылдан бастап неміс тәжірибесі негізінде дуалды кәсіптік білім берудің қазақстандық моделін жасау бойынша барлық мүдделі тұлғаларға арналған ұлттық деңгейдегі жүйелік консультацияларды көрсетеді. Ағымдағы жылдың 31 наурызына GIZ ұлттық деңгейдегі консультациялық қызметі аяқталатын болады.
Осыған байланысты, Астана қ., 2018 жылдың 20-21 ақпанында GIZ ҚР дуалды оқытудың тұтас жүйесінің қалыптасуы бойынша көрсеткен консультациялық жәрдемінің қорытындысын шығаруға және ұлттық, сонымен қатар жергілікті деңгейлерде қажетті одан арғы қадамдар мен шаралардың келешегін талқылауға бағытталған, «Дуалды кәсіптік білім – кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктері және инновациялылықтары. Қазақстанға және қазақстандық-германиялық ынтымақтастыққа арналған цифрландыру нәтижесіндегі жаңа көкжиектер» тақырыбына конференция өтті.
Аталмыш конференция Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен бірлесе отырып өткізілді. Конференция қазақстандық және неміс қатысушыларының дуалды оқыту бойынша тәжірибе алмасуларына арналған диалогтық алаң болды. Конференцияға Германияның, Ресейдің және Қазақстанның білім беру және бизнес жүйесі өкілдері қатысты.
Конференцияның алғашқы күні Германияндағы, Ресейдегі және Қазақстандағы дуалды оқыту жүйесінің әртүрлі аспектілері, атап айтқанда құқықтық негізі, дуалды оқыту институттары, кәсіпорындар мен оқу орындарының тәжірибелері ұсынылды.
Екінші күн 4-ші өнеркәсіптік революцияға, цифрландыруға және онымен байланысты логистикалық және аграрлық салаға назар аудара отырып құбылмалы еңбек шарттарындағы жаңа кәсіптерге кадрларды дайындау және логистикалық кластерлерді жасаумен бірге елдің экономикалық және инновациялық дамуына арналған келешегі мәселелеріне бағдарланған.

