Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін қорүнемдейтін азықтық қоспаларды өндіруді ұйымдастыру

Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін қорүнемдейтін азықтық қоспаларды өндіруді ұйымдастыру

Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін қорүнемдейтін азықтық қоспаларды өндіруді ұйымдастыру

Балджи Юрий Александрович, в.ғ.к., доцент

ТОО «NFT-KATU», Астана қ. (Нұр-Сұлтан қаласы).

2018-2021 жж. 

Жоба мақсаты:

Сапалы және қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін алу және жануарлардың өнімділігін жоғарлату жолында қорүнемдегіш әсері бар азықтық қоспаларды өндіру.

Күтілетін нәтижелер:

- Шикізат пен дайын өнімді ішкі бақылайтын зертхана дайындалады, қорүнемдейтін азықтық қоспаларды өндіру бойынша технологиялық желі ұйымдастырылатын болады;

- Азықтық қоспалар ветеринариялық препараттар мен азық қоспаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қажеттіліктері бойынша, сапалы және қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін алуды қамтамасыз ететін көп функционалды компоненті бар азықтық қоспалардың жетілдірілген рецептуралары әзірленетін болады;

- Жануарлардың өнімділігін арттыратын азықтық қоспалардың ұсақ және ірі партияларын өндіру және өткізу өндірісі жолға қойылады.

          Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің сипаттамасы

ҒҒТҚН, коммерцияландыруға ұсынылатын азықтық қоспаларды және оларды қолдану тәсілдері, күйіс қайыратын жануарлар ағзасының физиологиялық және биологиялық процестерін ынталандыруға, азықты жақсы сіңіруге арналған, сондықтан да бұл ет және сүт өнімділігінің артуына әкеледі. Байытылған азықтық қоспалары азық құрамындағы микотоксиндерді және уытты элементтерді детоксикациялау нәтижесінде, алынған мал шаруашылығы өнімдері тұтынушы үшін қауіпсіз болып табылады.

Азықтық қоспалар кешенді құрамнан тұрады, оған бальзамикалық және басқа өсімдіктердің терегі негізіндегі биологиялық белсенді компоненттер, сондай-ақ әзірленген схемаға сәйкес берілетін тағамдық полиэтилен түйіршіктері кіреді. Қорүнемдейтін тиімділігі, құрамында экструдирленген азығы бар, жануарлардың ас қорыту жүйесінде аз көлемді транзитке және игерілмеген түрде шығуына әкеледі.

Артықшылықтары:

1) Қауіпсіздігі. Азықтық қоспалары өсімдік компоненттерінен және инертті заттардан тұрады, олар ас қорыту үрдісіне ынталандырушы, зат алмасу және жануардың жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді.

2) Қолданудың қарапайымдылығы. Негізгі қоспа компонент бір рет қолданылады. Азықтық қоспалардың құрамына кіретін отандық өндірістің биологиялық белсенді өсімдік препараттары, негізгі компонент берілгеннен кейін 4 күн ішінде беріледі.

3) Әсер ету ұзақтығы. Бір рет қолданғаннан кейін өнімділікті арттыру (ет, сүт) үшінші аптадан басталады және 3-4 ай бойы жалғасады.

4) Жоғары тиімділік. Мал азықты жақсы меңгереді. Сүтті бағытындағы сиырлардан тәулігіне 16% сүт алынады. Бордақыланатын бұқашықтардың орташа тәуліктік салмақ қосу 35% құрайды.

Жобаның ағымдағы жағдайы:

Кеңсе жабдықтары мен оргтехника сатып алынды (2 ноутбук аксессуарлары бар, 1 МФУ қосалқы картридждері бар).

Ветеринариялық препараттар мен азық қоспаларының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін азық қоспаларына құжаттар жинағын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоба орындаушылары XXV "MVC" Халықаралық мамандандырылған сауда-өнеркәсіп: Зерно-Комбикорма-Ветеринария», Москва қаласында (РФ) 28-30 қаңтар 2019 ж. өткен көрмеге қатысты, көрмеде әзірленген азықтық қоспалар үлгілері көрсетілді.

11 ақпан 2019 ж. компания өкілі Алматы қаласында өткен I- Халықаралық Агроөнеркәсіптік кешені «Қазақстанның жас ғалымдарының АӨК индустриялық-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты форумға қатысты. Форумда компания-стартап, баяндама, стенд және азықтық қоспалардың экспонаттарының көрмесі көрсетілді. Сертификат алынды.

Келешектік даму:

Өндірістік желі жабдықтарын сатып алу және орнатқаннан кейін әзірленген рецептура бойынша азық қоспаларын сатуды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың құрамын тұтынушылардың талаптарына сәйкес жетілдіру жоспарлануда. Күйіс қайыратын жануарларға ғана емес, моногастриялық (жылқы, шошқа, құс) жануарларға да қолданылатын азықтық қоспаларын әзірлеу жоспарлануда. Келісім-шарттар мен меморандумдар жасасу ЕАЭО елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік береді, бұл сату көлемін арттырады. Іске асырудан алынған пайда жабдықты жаңғыртуға бағытталатын болады, бұл шығарылатын өнімнің желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.