Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының қорытындысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының қорытындысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 13 ақпанда Астана қаласындағы Оқушылар сарайының базасында «Балаларға қосымша білім беру инфрақұрылымының инновациялық моделі – жаңғыру негізі – адами капиталдың тиімділігін қалыптастыру факторы» тақырыбында Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының отырысын өткізді.

22.02.2018.jpgСекция жұмысына 125 адам: Қазақстан Республикасының білім және ғылым, дін істері және азаматтық қоғам, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникациялар министрліктері, технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, ҮЕҰ-ның, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Секция жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың («Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының 7-міндеті) қолданыстағы Оқушылар сарайларының базасында технопарктер мен бизнес-инкубаторларды ашу арқылы балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісін дамыту келешегі туралы тапсырмасын орындау бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, қосымша білім беру педагогтері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ҮЕҰ өкілдерінің құрылымдық сұхбат өткізілді.

22.02.2018-1.jpgБүгінгі таңда қосымша білім беру жүйесінің оқу-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық қызметін ұйымдастыру арқылы балалардың қабілеттерін дамытуда үлкен тәжірибесі бар.

Сондықтан да, балалар технопарктері – бұл қосымша білімнің интегративті үлгісі болып табылады.

Балалар технопарктерінде мектеп оқушыларын – инновациялық экономиканы дамытуға, өнеркәсіптік өндірістегі технологияларды іске асыруда, жаңалықтар ашуға, жаңа білімге деген тұрақты сұранысты құруға, ғылым, шағын бизнес және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін болашақ инженерлерді, бағдарламашыларды, өнертапқыштарды кәсіпке бағдарлауда маңызды рөлді атқарады.

22.02.2018-2.jpgСекцияға қатысушылардың назарына балалар технопарктері мен бизнес инкубаторларын дамыту тұжырымдамасы, Астана қаласы оқушылар Сарайының қолданыстағы технопаркінің жұмыс тәжірибесі, психодиагностикалық және кәсіби бағдарлау тестілеуі арқылы білім алушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған инновациялық тәсілдері, бизнес-инкубаторлар арқылы студенттік кәсіпкерлікті дамыту келешегі, балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға арналған кіріктірілген сабақтар ұсынылды.

Секция қорытындысы бойынша республикадағы балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын жетілдіруге, балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін, инфрақұрылымының заманауи тиімді инновациялық үлгісін жасауға көмектесетін ұсынымдар әзірленді.

Бұл үшін жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру, бизнес-құрылымдары, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.

22.02.2018-3.jpg

22.02.2018-4.jpg

22.02.2018-5.jpg

22.02.2018-6.jpg