
GMP стандартына сәйкес жануарларға арналған антирабиялық өсінділік «Rhаbdovak» вакцинасын кәсіпорында өндіру»
Ахметсадыков Н.Н., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Алматы облысы, ЖШС ««Антиген» Ғылыми - өндірістік кәсіпорын»
2017 - 2020 гг.
Жобаның мақсаты: GMP стандартына сәйкес жануарлар құтырығына қарсы антирабиялық өсінділік «Rhаbdovak» вакцинасын кәсіпорында өндіруді ұйымдастыру
Күтілетін нәтижелер: GMP стандартына сәйкес жануарлар құтырығына қарсы антирабиялық өсінділік «Rhаbdovak» вакцинасын өндіру және сату.
РННТД сипаттамасы:
Бұл жоба ветеринариялық және биотехнология саласындағы жаңа технологияларды дамытуға бағытталған, атап айтқанда бәсекеге қабілетті препарат өндірісін құру – жануарлардың құтырығына қарсы иньекциялық препарат баға мен сапада шетелдік аналогтармен салыстырғанда артықшылығы бар.
Жобаны іске асыру бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге және ветеринария саласына қажетті, құтырықтың алдын алуға қарсы вакцинаны өндіруге мүмкіндік береді, аталған препарат осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында өндірілмеуіне байланысты, шет елдерден тасымалданған.
Артықшылығы:
CVS-11, CVS-27 референттік штаммдарын (VR 959, ANSES, Франция) және BHK-21 (С-13, ATCC, США) торша өсіндісін пайдалану иммуногенділігі жоғары вакцина өндіруге мүмкіндік береді.
қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес (GMP-стандарты) арқылы және жабдықтар, (биореактор, реактор, лиофильная кептіргіш, термостат, биологиялық бокс, центрифуга), технологиялар, биореакторда биомассаның терең жиналу әдісі, торша өсінділерін суспензия әдісімен өсіру, вирусты ультрафильтрде концентрациялау сапасы жоғары вакцина өндіруге мүмкіндік береді.
тиімді және қауіпсіз инактивант полиэтиленими́н (PEI) (SIGMA-ALDRICH, США) және майлы адъювант Montanide ISA™ 201 (SEPPIC, Франция) қолдану ұқсас вакциналармен салыстырғанда вакцинаның иммуногенділігін 1,5 -2 есе жоғарлатады.
заманауи технологияны, жергілікті ресурстарды қолдану, ұсқас вакциналармен салыстырғанда бағасын 20-30% төмендетеді.
Жобаның ағымдық жағдайы:
ағымдық кезеңде қажетті шығын материалдары сатып алынды;
торша өсінділерімен, өндірістік және бақылау штамдарымен жұмыс жасалуда;
торша өсіндінің және өндірістік вирус штаммын өсірудің қолайлы параметрлері әзірленуде;
вирустық массаны инактивациялау және концентрациялау параметрі әзірленуде;
жобаның орындалу нәтижелері туралы видеожазба дайындалды. Вакцинаның көрмелік үлгісі және тарату материалдарының дизайны әзірленіп және шығарылды.
GMP стандарты негізінде өндірістік ғимарат және технологиялық үлгісі дайындалды;
Жануарларға арналған антирабиялық өсінділік «Rhаbdovak» вакцинасының экспериментальді сериясының құрамы құрастырылды және лиофилизациялаудың параметрлері әзірленді
Даму перспективалары:
Жануарлардың құтырығына қарсы инъекциялық қолдануға арналған отандық өсінділік инактивацияланған вакцинаны өндірісін ұйымдастыру жоспарланып отыр, бұл мал шаруашылығы саласының тиімділігін арттырады, құтырық бойынша эпизоотологиялық және эпидемиялық жағдайдың тиімділігін арттырады.