
037-ГК-16 «Сүт және сүт өнімдерін сапалы және сандық зерттеуге арналған тестілеу орталығын жаңғырту»
Нурсеитова Мольдир Айтжановна, «Экология» мамандығы бойынша PhD
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Әзірбаев, 4. «Антиген» ЖШС
2016-2018 жж.
Жоба мақсаты:
Жобаның мақсаты жаңа тиімді және автоматтандырылған талдау әдістерін енгізуге негізделген хроматографиялық әдістермен сүт өнімдерінде май қышқылының құрамын, фитостеролды және транс-изомерлерді анықтау мақсатында ақылы қызметін ұсыну.
Күтілетін нәтежиелер:
- сүт және сүт өнімдерін сапалы және сандық зерттеу үшін тестілеу орталығын жаңғырту;
- сүт өнімдеріндегі май қышқылдық құрамы, фитостеролдарды және май қышқылдарының транс-изомерлік құрамын анықтау бойынша аккредитациядан өту, тестілеу орталығының материалдарын жаңарту.
ҒҒТҚН сипаттамасы
Майлы қышқылдың құрамын, фитостеролдарды және транс май қышқылының изомерін анықтауға арналған оңтайландырылған әдісі жасалды.
Артықшылықтары:
Қызмет көрсету кезінде әзірленген әдіс:
- азырақ реагенттерді қолдануға мүмкіндік береді (шамамен 50 рет);
- операторға және қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық қосылыстардың әсерін азайтады;
- талдау уақытын қысқартады;
- оператордың қатысуынсыз жұмысын қамтамасыз етеді, яғни, 24/7 талдау жүргізу мүмкіндігі бар.
Жобаның ағымдағы жағдайы:
- Сүт майының фальсификациясын анықтау бойынша қызметтер көрсету үшін барлық қажетті жабдықтарды сатып алынды;
- Барлық қажетті реттеуші процедуралар әзірленді;
- Сүт өндіру компанияларымен қызметтер көрсету туралы шарт жасалды.
Даму перспективалары:
Ұсынылып отырған қызметтерге Алматы облысында және Қазақстанның басқа өңірлерінде де тапсырыс берушілердің санын көбейту жоспарланып отыр.