Ә.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасының қорытындысы

Ә.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасының қорытындысы

2018 жылдың 23-24 ақпан күндері Павлодар қаласында өткен Ә.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасына Қазақстанның 9 аймағынан, Алматы, Астана ққ., республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан (Якутия), Новосібір қаласынан 19 команда құрамында 83 оқушы қатысты. Бұл олимпиадаға аймақтардан келген 26 оқушы екінші жыл қатысып отыр.

 

Олимпиаданың теориялық кезеңі дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында, тәжірибелік кезең Инновациялық Еуразия Университеті инновациялық технологиялар орталығының химия зертханасында өткізілді.

 

Іс-шара шеңберінде облысымыздың химия пәнінің мұғалімдері мен аймақтардың команда жетекшілеріне тәжірибелік бағдары бар «Ғылыми сауаттылық» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарды олимпиада әдістемелік комиссиясының төрағасы, Алматы қаласының Табиғат Ресурстар Институтының аспиранты, «OYLA» ғылыми-көпшілік журналының ғылыми редакторы Ордабаев Алмас Еркінұлы өткізді.

 

Екі кезең қорытындысы бойынша Ә.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпаздар мен жүлдегерлер  атағына келесі оқушылар ие болды:

 

І орын – Маңғыстау облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Молдағұлов Ғалымжан; Новосібір мемлекеттік университеті мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының оқушысы Никифоров Ярослав; Павлодар қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы  Рахимов Темірлан; Алматы қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Абитаев Жанибек.

 

ІІ орын – Жамбыл облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушылар Жанысбай Бекзат және Сырлыбай Мұсахан; Қарағанды облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушылары Абабаев Ерслан және Нурпейсов Олжас; Новосібір мемлекеттік университеті мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының оқушысы Снегирев Андрей; Алматы қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Ашимов Султан; Шығыс-Қазақстан облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Көпенов Нұрлыхан; Қостанай облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Уразбахтин Варис.

 

ІІІ орын - Шығыс-Қазақстан облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Алибеков Мансур; Қостанай облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Тұрсұн Қазбек; Жамбыл облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Айтмахамбет Әділжан; Павлодар қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Теміржан Карина; Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Черданцев Владислав; Алматы қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Ералхан Рауан; Астана қаласы «НұрОрда» лицей-мектебінің оқушысы Хомар Шыңғыс; Қарағанды қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Құсайынбеков Мухтар; Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шердебаев Рустем; Алматы қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Темиргали Аяжан; Ақтөбе облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Есенгазин Азамат; Новосібір қаласы №1 гимназиясының оқушысы Дудко Евгений; Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Исмаилов Алдияр; Маңғыстау облысы, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Койшыбаев Асет.

 

«Абсолютный победитель - 2018» кубогы мен Ә.Бектұровтың ұрпақтарының атынан 150 000 тенге сертификатын және «Лучший практик» номинациясын Маңғыстау облысы  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Молдағұлов Ғалымжан иеленді.

 

«Лучший теоретик» номинациясымен Новосібір мемлекеттік университеті мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының оқушысы  Никифоров Ярослав марапатталды.

 

«За оригинальное решение» номинациясына Павлодар қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Теміржан Карина және Жамбыл облысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы Сырлыбай Мұсахан ие  болды.

 

Олимпиада ұйымдастырушыларының атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлық (смартфон) табысталды.

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

2018-02-24 09-34-38.JPG2018-02-24 09-36-54.JPG
2018-02-23 09-43-24 - копия.JPGРахимов Темирлан.JPG
2018-02-24 18-15-14.JPG2018-02-24 09-19-52 - копия.JPG
2018-02-23 09-03-14 - копия.JPG