ТЕХНОЛОГИЯ СИПАТТАМАСЫ
SMART-технология негізінде энергияны тұтынуды оңтайлы басқарудың интеллектуалды жүйесі ( КазТехАвтоматика «ЖШС)
Нарықтың алғышарттары мен қазіргі проблемасы
Халықтың тығыздығының төмендігіне байланысты Қазақстан Республикасындағы көшені жарықтандыру жүйелері электр энергиясының едәуір мөлшерін тұтынады. Қазіргі уақытта сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу көшені жарықтандыру желілері мен құралдарының жай-күйін телекоммуникациялық бақылауға, шамдардың жану режимін басқаруға, алдын ала берілген кесте бойынша көшелерді жарықтандыруды қашықтықтан басқаруға, сондай-ақ энергия тұтынудың есебін жүргізуге және электр энергиясының тиімді пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретіні белгілі.
Қазақстанда мұндай технология бойынша жұмыс істейтін өнім жоқ, аналогтар бар, бірақ олардың функционалдығы айтарлықтай ерекшеленеді, әрі ұсынылатын өнімге қарағанда шектеулі мүмкіндіктер береді. Өнімге қажеттілік бар, соңғы уақыттағы Смарт технологияларға деген сұраныстың артуы бұған дәлел.
Технологиялық шешімнің сипаттамасы
SMART SVET жарықтандыруды басқару жүйесі бірнеше басқару функцияларын бір құрылғыда біріктіруді көздейді, бұл электр энергиясын пайдалануды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Құрылғының принципі жарықтандыруға қарай шамдардың жарық ағынының сәулеленуі деңгейіндегі ағымдағы қажеттілікті, сондай-ақ уақытша бағдарламалау мен жарықтықты басқару мүмкіндігін ескере отырып құрылған. Жаңашылдығы - құрылғыWEB-бағдарламалау саласынан ең озық әзірлемелерге арналған бағдарламалық жасақтама мен әзірленген модульден тұрады.
Технологияның артықшылықтары
-Нарықтық құны бәсекелестерден 1,5 – 2 есеге төмен;
-Электр энергиясын тұтынуды 40%-ға дейін төмендету;
-SMART-желілерді ыңғайлы басқару, бақылау және қызмет көрсету тәсілі;
-Бір мезгілде саны 1 млн-нан астам шамдарды басқару;
-Нақты уақыт режиміндегі жарықтандырудың жай-күйін толыққанды бақылау;
-Шамдарды алдын ала белгіленген кестеге сәйкес автоматты түрде қосу және өшіру.
-Бір жерден барлық жарықтандыруды басқару мүмкіндігі.
Нарықтық әлеует және қолдану аясы
Қазақстандағы көшені жарықтандыру нарығында көше жарығын басқару үшін 20,7 млрд.теңгені құрайды. Әкімшілік ғимараттар мен өндірістік кешендерді жарықтандыруды басқару нарығы 32 млрд.теңгені құрайды (есептеулер БҰҰДБ/ЖЭҚ/Ресей Энергетика министрлігінің
"Тиімді электр жарықтандыруды дамыту үшін нарықты қайта құру" халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде ЕЭО нарығын зерттеу негізінде жүргізілді. Қазақстанда кәсіби жарықтандыру нарығы көшені жарықтандыру (2017 жылы нарықтың 37%), кеңселік жарықтандыру (17%), архитектуралық жарықтандыру (15%), өнеркәсіптік жарықтандыру (12%), спорттық жарықтандыру (10%) және бөлшек бизнес секторында жарықтандыру (9%) сияқты салаларда ұсынылған. 2018-2020 жылдары ҚР басқару жүйелері нарығында тұтынушылардың тыйым салынған тиімсіз шамдардан неғұрлым тиімді жарықдиодты жарықтандыру аспаптарына көшуіне орай, жарықдиодты жарықтандыру аспаптары нарығының (және, сәйкесінше, өндіріс көлемінің) өсуі күтілуде.
Даму сатысы
-Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді (сынақ актісі);
-Модульдердің тәжірибелік партиясы жасалды;
-Шағын сериялы өндіріс іске қосылды;
-Алғашқы сатулар жасалды.
Ынтымақтастық мүмкіндіктері
"КазТехАвтоматика" ЖШС өзінің жеке дайын өнім өндірісін, олардың негізінде бас құрылғылар мен басқару шкафтары өндірңмңн, сондай-ақ орнату, реттеу және қызмет көрсету бойынша ілеспе қызметтерді көрсетуді ұйымдастырады. Болжамды сату арналары: әкімдіктермен жұмыс істеу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, жеке және мемлекеттік кәсіпорындарға тікелей сату.
Ынтымақтастық үшін байланыс
Жанболат Қаналин, Тел.+7 701 130 60 10
Электрондық пошта: kanalinkz@gmail.com
Жобаның технологиялық брокері