Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтың SOS Childrens Villages - International халықаралық қауымдастығының президенті Сиддхарт Каулмен кездесудің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтың SOS Childrens Villages - International халықаралық қауымдастығының президенті Сиддхарт Каулмен кездесудің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтың SOS Childrens Villages - International халықаралық қауымдастығының президенті  Сиддхарт Каулмен кездесу өтті.

 

1997 жылдан бастап Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша «Қазақстандағы SOS балалар ауылдары» халықаралық жобасы табысты іске асырылуда.

 

Оны іске асыру нәтижесінде республикада 3 SOS балалар ауылы жұмыс істейді. Осы мерзімде оларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 400-ден астам бала қамқорлыққа бөленіп, отбасын тапты.

 

Кездесу барысында екі жақ Қазақстанда «SOS балалар ауылы» қозғалыстың алдағы уақыттағы даму болашағы талқыланды.

SOS Childrens Villages - International халықаралық қауымдастықтың президенті  Сиддхарт Каул Ерлан Сағадиевқа елімізге келіп кетуге шақыруына ризашылығын білдірді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Роман Юрьевич пен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ешмағамбетов Жанат Болатұлы қатысты.

DSC_0670.JPG