

2018 жылы МБЖЖ білім беру депозитін ашқан 14 739 салымшы 757 409 000 теңге сомасына мемлекеттен сыйлықақы алды.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын барлық салымшыларға төленеді. Бұған дейін мемлекет сыйлықақысы үш мәрте берілген болатын:
Барлығы 1 644 761 000 теңге сомасында мемлекет сыйлықақысы төленді.
Қазіргі уақытта 13 миллиардтан аса теңгеге білім беру депозиттерін ашып, МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 18 000 адамнан асады.
____________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде қаражат жинақтау арқылы өзіңнің оқуыңды және балаңның оқуын қаржыландыруға болады.
Бұл өз болашағыңды инвестициялау үшін ең тиімді құрал! Депозит ашып, 5-7% мемлекет сыйлықақысы мен 14% банк сыйақысының есебінен 21%-ға дейін табысқа жетуге асығыңыздар!
МБЖЖ шеңберінде жинақталған қаражатты Қазақстанның ЖОО-ларында/колледждерінде кәсіптік-техникалық білім алуға, барлық оқу нысандары бойынша бакалавр және магистратура дәрежесін алу үшін оқудың ақысын төлеуге жұмсауға болады.
Сондай-ақ, шетелде оқудың барлық түрлері бойынша шектеусіз оқу ақысын төлеуге болады.
МБЖЖ депозиттері үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғалған және 10 млн теңгеге дейін мемлекет тарапынан кепілдендірілген.
Жылына бір рет жинақталған қаражатты МБЖЖ-ға қатысушы бір банктен екіншісіне аударуға болады.
Бұл заманда өмір бойы білім алуға дайын жоғары білімді азаматтың ғана әрқашан табысты болып қалуға мүмкіндігі жоғары. Бұған өзіңді, әрі балаларыңды қазірден бастап дайындау қажет!
МБЖЖ туралы depozit.fincenter.kz –тен немесе 8 (800) 080-28-28 (ТЕГІН) телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.