2018 жылдың 5-7 наурызында Будапешт қаласында CPM (Competition Preparation Meeting) кәсіптік дағдыларды дамыту мен EuroSkills 2018 компетенциялары бойынша чемпионатқа дайындық жиналысы өтті. EuroSkills Венгрия астанасында ағымдағы жылғы қыркүйек айының 26-28 аралығында өтеді.
Белгіленген тәртіпке сәйкес қатысушы-ел EuroSkills чемпионатының дайындық жиналысына (СРМ) Техникалық Делегаттың болуын қамтамасыз ету қажет.
СРМ нәтижелері бойынша Техникалық Делегат WSE анықтаған компетенциясы бойынша алқа төрағасы болып тағайындалады. Қазақстанның Техникалық Делегаты - Байгулунова Данагуль, Кәсіптік шеберлік пен WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының басшысы.
Фотода Дэвид Хоуимен, CEO WorldSkills International.
СРМ кезінде елдердің Техникалық Делегаттары жарысты өткізу бағдарламасымен, конкурстық алаңымен жəне техникалық сипаттамаларымен, әрбір компетенция бойынша өтінімге байланысты конкурстық орындармен танысады.
Анықтама үшін:
WorldSkillsInternational (WSI) қозғалысы Испанияда 1947 жылы бастамасын алды. Алғашқы чемпионаттар жұмыс мамандықтарын танымал ету үшін жəне олардың беделін көтеру үшін өткізілді.


