
Білім саласындағы өзгерістер туралы халықты жан-жақиы ақпараттандыру мақсатында ҚР БҒМ ең жақсы бейнеролик жасау байқауын жариялайды.
Байқау төрт бағыт бойынша өткізіледі:
Байқау ережелері
Қатысушылар үшін тақырыптар
1) №1 тақырып – Қазақстан және жаһандық білім.
Тақырыпқа қойылатын сұрақтар:
а) Дамыған әлем мемлекеттерінде білім беру жүйесінің құрылымы қандай? (Тарих және қазіргі уақыт).
б) Дамыған мемлекеттер неліктен шетел студенттерін тартады және оларға жағдай жасайды?
в) Білім саласындағы үш тілдік деген не?
г) Шетелде оқыған студенттер сол елдерде қалады деген шындық па?
д) Қазақстан Орталық Азияның білім хабына айналу үшін не істеу қажет?
е) Шетелде білім алу қандай басымдықтар береді?
Берілген тақырыпқа қосымша өз дәлелдері мен пікірлерін қосу.
2) №2 тақырып – 5 күндік оқу аптасы және баланы дамыту үшін оң үлгілер
Тақырыпқа қойылатын сұрақтар:
а) Әлемнің басқа мектептерінде балалар аптасына неше күн оқиды?
б) Бес күндік оқу аптасының қандай басымдылықтары бар?
в) Оқудан тыс бос уақытта баланы қалай дамыту керек?
г) Уақытты мектепте емес, отбасы айналасында өткізудің қандай артықшылықтары бар?
Берілген тақырыпқа қосымша өз дәлелдері мен пікірлерін қосу.
3) №3 тақырып – ҰБТ жаңа форматы
Тақырыпқа қойылатын сұрақтар:
а) ҰБТ-дің ескі форматының жаңасынан айырмашылығы?
б) Лайфхактар: жаңа форматты ҰБТ-ге қалай дайындалу керек?
в) Жаттаудан білудің маңыздылығы?
4) Берілген тақырыпқа қосымша өз дәлелдері мен пікірлерін қосу.
5) №4 тақырып – Мектепке дейінгі дайындық («нөлдік» сынып)
Тақырыпқа қойылатын сұрақтар:
а) «Нөлдік» сыныпта 5 жастан бастап оқыған балалардың қандай артықшылықтары бар?
б) Балалар «нөлдік» сыныпта нені үйренеді?
в) «Нөлдік» сыныпта балаларды кім оқытады?
г) «Нөлдік» сыныпта сабақтар қандай форматта өтеді?
д) «Нөлдік» сыныпта сабақтар қайда өткізіледі?
е) Сабақтар қандау оқулықтармен жүргізіледі?
ж) Жаңартылған мазмұн бойынша сабақтар қашан басталады?
5) №5 тақырып – Жұмысшы кәсіптерді әйгілеу.
а) Жұмысшы кәсіптердің қандай артықшылықтары бар?
б) Дуалды оқыту деген не?
в) Тегін оқыту жобасының маңызы неде?
Бағалау өлшемдері
1) Тақырыптамаға сәйкестік.
2) Мәндік мазмұн.
3) Идея және оны жүзеге асыру жасампаздығы.
4) Техникалық орындау сапасы.
Байқау жеңімпаздары жеңіп алады:
1) Бейнероликті республикалық БАҚ орналастыру.
2) Республикалық және аймақтық БАҚ тағылымдамадан өту.
3) Байқау комиссиясының пікірсараптары және басқа да сыйлықтар.
Қазылар алқасының мүшелері
1) Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы – ҚР Білім және ғылым министрі
2) Аймағанбетов Асхат Қанатұлы – ҚР Білім және ғылым вице-министрі
3) Тайкенова Майраш Гомарқызы – ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі
4) Мелдебекова Майра Тұрганбайқызы – Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
5) Кобенова Гүлзат Ізбасарқызы – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры
6) Каринова Шолпан Таңатқызы – Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры
7) Түркестанова Ляззат Мақсұтқызы – «Білімді ел» газетінің бас редакторы
8) Көккөзова Лязат Ержанқызы – «Success K» агенттігінің бас директоры
9) Жунусов Арман Сакенұлы – ҚР БҒМ баспасөз хатшысы
10) Жумашев Дархан Айбекұлы – Контент менеджер