«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Республикалық кеңестің XI отырысын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Республикалық кеңестің XI отырысын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің XI отырысы (бұдан әрі – Республикалық кеңес) өткізілді.

 

Республикалық кеңестің мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау және тәжірибемен алмасу.

 

Республикалық кеңестің жұмысына Министрлік департаменттерінің, ведомстволық бағынысты орталықтардың, білім беру органдары мен ұйымдарының, ЖОО-ның, колледждердің басшылары қатысты.

 

Отырыста төмендегідей мәселелер талқыланды:

 

- республикадағы білім беру ұйымдарында «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы;

 

- «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер қызметі туралы;

 

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламалары туралы.

Қорытындысы бойынша ұсынымдамалар әзірленді.