ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өтті

ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өтті

Ағымдағы жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өтті.

 

Оған «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, жоғары оқу орындарының қауымдастықтары және 100-ден аса қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

 

«Атамекен» ҰКП-ның басқарушы директоры –  Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Темірбекұлы Ордабаев «Атамекен» ҰКП өткізген «IT мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын бағалаудың әдістемесі» тақырыбында баяндама жасады.

 

Мәселелерді талқылау барысында министр Е.К. Сағадиев еліміздегі жұмыс орындарының көбі бизнес-қауымдастықтармен құрылатынын, сондықтан жоғары оқу орындарының бітірушілерін бәсекеге қабілеттілікке қойылатын қазіргі талаптарға бейімдеу қажеттігінатап өтті.

 

Қазіргі уақытта Министрлік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жұмыс берушілерді тарта отырып білім беру бағдарламаларын бағалау жұмысына кірісті.

 

Білім беру бағдарламаларын бағалау жұмыс берушілердің призмасы арқылы жоғары білім жүйесімен танысуға мүмкіндік береді, оның ішінде:

 

1 Білім беру бағдарламаларын бағалау негізінде талапкерлер мен жұмыс берушілерге еңбек нарқында сұранысқа  жауап беретін білім беру қызметін ұсына алатын мамандықты да, жоо-ны да таңдауға мүмкіндік береді.

 

2. Білім беру бағдарламаларына деген қажеттілік пен сұранысты ескере отырып, мемлекеттік  гранттарды бөлу кезінде шешім қабылдау мүмкіндігі.

3. Білім беру бағдарламаларын өзектендіру және ЖОО-дың жұмыс берушілермен байланысын нығайту.