Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде 2018 жылғы 13 ақпанда Астана қаласында «Балаларға қосымша білім беру инфрақұрылымының инновациялық моделі – жаңғыру негізі – адами капиталдың тиімділігін қалыптастыру факторы» тақырыбындағы балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының отырысы өткізіледі.
Секция жұмысы барысында қолданыстағы оқушылар сарайларының базасында технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашу арқылы балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісін дамыту келешегі талқыланады («Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының 7-тапсырмасы).
Секция жұмысына Қазақстан Республикасының білім және ғылым, дін істері және азаматтық қоғам, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникациялар, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, ҮЕҰ-ның, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысады.
Республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқушылардың жалпы санының 77,6% (2 364 966) білім алушылары айналысады.
Қосымша білім беру ұйымдарының барлығы: 1287, оның ішінде 850 ұйымда - 21,3% (648 295) балалар, мектептердегі 62 067 үйірмелерде - 46,5% (1 417 639), мәдениет және спорт жүйесінің 437 ұйымдарында - 9,8% (299 032). Барлығы 18 828 педагог балаларға қосымша білім беру саласында қызмет көрсетеді.
Ғылыми-техникалық шығармашылықпен оқушылардың жалпы санының 3,6 % білім алушылары айналысады. Техникалық шығармашылық бағытта 23 станция және орталықтарда, техникалық бейіндегі шығармашылық үйлердің 200 үйірмелерінде 37 мыңнан астам оқушылар айналысады. Мектеп жанындағы 3 088 үйірмелерде 73 мыңнан астам балалар айналысады. 479 қосымша білім беру педагогтері техникалық шығармашылық бойынша қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда қосымша білім беру жүйесінің оқу-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық қызметін ұйымдастыру арқылы балалардың қабілеттерін дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан да балалар технопарктері – бұл қосымша білімнің интегративті моделі.
Балалар технопарктерінің мектеп оқушыларын – инновациялық экономиканы дамытуға, өнеркәсіптік өндірістегі технологияларды іске асыруда, жаңаңалықтар ашуға, жаңа білімге деген тұрақты сұранысты құруға, ғылым, шағын бизнес және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін болашақ инженерлерді, бағдарламашыларды, өнертапқыштарды кәсіпке бағдарлауда маңызды рөлді атқарады.
Балалар технопарктерін ашу заманауи құрал-жабдықтарды енгізуді, қолданыстағы технологияларды жаңартуды, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды талап етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары да жаңартуды талап етеді. Балалар технопарктерінде техниканы модельдеу, робототехника, нанотехнология, биотехнология, өндірістік дизайн, энергетика, геоинформатика, космонавтика, ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, компьютерлік аннимация, видеомонтаж, сәулет өнері, дизайн және басқа білім беру бағдарламаларының жиынтығы болуы тиіс. Олар мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамытуға, олардың шығармашыл, инженерлік ойларын белсендіруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілерін талқылау балаларға қосымша білім беру инфрақұрылымының заманауи тиімді инновациялық моделін құруға көмектеседі. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының, бизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ, бұқаралық ақпараттық құралдардың күштерін жұмылдыру қажет.
Секцияға қатысушылар қорытынды ұсынымдар қабылдайды