
Алматы қаласында 2018 жылғы 13–16 ақпан аралығында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 738 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегері – 58 оқушы 45 жобамен өтті.
Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша жүргізілді:
- экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
- ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
- таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау);
- Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы 4 алтын, 12 күміс, 9 қола медальдарын иеленіп, бірінші орынға ие болды және «Ең үздік команда-2018» сертификатымен марапатталды.
І орында - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Мусин Тлеухан, Амергалиева Шынар; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Сагынгалиев Ернур; Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Мельник София.
ІІ орында - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Қаирден Әділ, Қуаныш Еркебұлан, Жунусова Илана, Сунчалиева Аяна, Шорман Мария, Қабидолла Аружан, Кенжехан Айдана; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Уайхан Жанерке; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Сухоносенко Владислав; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9,11 сынып оқушылары Мұхаметқан Әдия, Жанбау Марғұлан; Ертіс ауданы Ұзынсу орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мусабекова Динара.
ІІІ орында – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Жасуланов Алихан, Асетов Ануар, Марданов Нұрасыл; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9,11 сынып оқушылары Қайдар Бексұлтан, Сапарбекова Сабина, Аманбаева Дина; дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Зейнуллинова Айшабиби, Жанұзақ Нұрболат; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы