Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

Жыл сайын еліміздің ең ірі қаласы Алматыда оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру, сонымен бірге, дарынды әрі талантты жас зерттеушілерді қолдап, іріктеу мақсатында өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында 9-11 сыныптың жас ғалымдары бас қосады.

2018 жылдың 13-16 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру пәндерін оқытуда жоғары әлеуетке ие, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметпен сәтті айналысатын 55 қатысушысы республикалық конкурста  І жалпы командалық орынға ие болды.

 

Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоржыны 4 алтын, 8 күміс, 15 қола медалмен толығып, «Ең үздік команда – 2018» атағын иеленді.

 

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

 

- Шарбекова Диана,  Пикулева Влада – Семей қаласындағы №19 жалпы білім беретін орта мектептің 11 сынып оқушылары (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы);

 

- Қанашева Молдир – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы (химия);

 

- Юра Гульбагар – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев ат. Самар орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (әдебиет).

 

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

 

- Самарханова Диана – Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназияның 11 сынып оқушысы(биология);

 

- Рахимбердинова Сания, Саурбек Ляззат – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушылары (математика);

 

- Грохотов Станислав – Өскемен қаласындағы №11 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (математика);

 

- Баяхметов Ануар, Есенгалиулы Нурмухамет – Семей қаласындағы №37 гимназияның 10 сынып оқушылары (өлкетану);

 

- Сайлаубеков Тимур – Өскемен қаласындағы №47 орта мектептің 9 сынып оқушысы (математика);

 

- Денисова Арина – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 10 сынып оқушысы (информатика).

 

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

 

- Енсебаев Диас, Кусманов Әкежан – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған  Ш.Уәлиханов ат. «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушылары (экономика)

 

- Қабдолдина Кербез – Күршім ауданы №1 Марқакөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы (биология);

 

- Овчаров Денис – Семей қаласындағы Пригород орта мектебінің 10 сынып оқушысы (биология);

 

- Айтқазина Диляра – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы (математика);

 

- Горлачев Александр, Пятков Никита – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы(математика);

 

- Логинов Егор, Сидоров Даниил – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы(математика);

 

- Ролланұлы Расул – Абай ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы (математика);

 

- Байбуганова Диана – Семей қаласындағы №1 Н.Г. Чернышев атындағы орта мектептің11-сынып оқушысы (химия);

 

- Магауиянов Бекарыс – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (тарих);

 

- Самархан Гүлия – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 10 сынып оқушысы (тарих);

 

- Хусаинова Еркежан – Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназияның 11 сынып оқушысы (адам және қоғам);

 

- Даниярова Айым – Семей қаласындағы Шүлбі орта мектебінің 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану).

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен 23 оқушы марапатталды.

 

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналар мен мұғалімдерді лайықты 

жеңістерімен құттықтаймыз!

Келешекте сәтіліктер мен жеңістер тілейміз!