Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 23 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында туристік-өлкетану бағытында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді.
Балаларға қосымша білім беру жүйесін сақтау және жаңғырту сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен қарым-қатынас үшін ашық алаң құру Үйлестіру кеңесінің мақсаты болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжілісінің депутаттары, білім және ғылым, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, дін істері және азаматтық қоғам, ішкі істер министрліктерінің, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының, жоғары оқу орындарының, колледждердің, білім беру органдары мен ұйымдарының, республиканың жас туристер, өлкетанушылар орталықтары мен станцияларының, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысады.
Қазіргі уақытта Республикада 947 327 баланы (31,1%) қамтитын 1287 қосымша білім беру ұйымдары бар.
40 жас туристер-өлкетанушылар станциялары мен орталықтарында, 2188 туристік-өлкетану мектеп үйірмелерінде, балалар шығармашылығы сарайларында және орталықтарында балалар-жасөспірімдер туризмімен 7 мен 17 жас аралығында 80 мыңнан астам немесе 2,6 % балалар қамтылған.
Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015-2016 жылға Қазақстан Республикасында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру, «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу, білім беру ұйымдарында туристік-өлкетану қызметінің даму келешегі, «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағытындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту сұрақтарын талқылау жоспарлануда.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту негізінде өңірлерде балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен ұйымдастырушылық нысандарын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Басымдылықтың қатарында өңірдің барлық білім беру ұйымдарында балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ететін аудандық, қалалық және облыстық қосымша білім беру ұйымдарының жүйесін құру, мектеп және өңірлік өлкетану мен туристік іс-шараларды өткізу, туристік бағдарларды әзірлеу.
Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің қатысушылары білім беру процесін жаңарту, заманауи технологиялардың трансфертін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, жалпылау және көрсету, республикалық іс-шараларды өткізу сапасын жетілдіру сұрақтарын талқылайды.
Үйлестіру кеңесі қатысушыларымен қорытынды ұсынымдар әзірленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 (7172) 24-93-08, e-mail: nt_ekotur@mail.ru