Қызылордада Hackday өтеді

Қызылордада Hackday өтеді

Күні: 07.12.2017-08.12.2017

Уақыты: 09:00

Мекен-жайы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайының ғимаратында

7-8 желтоқсан күндері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайының ғимаратында Қызылорда Hack Day өтеді. HackDay – бұл жобаның идеядан прототипке дейін 2 күнде дайындалуды көздейтін бірқатар іс-шаралар. 24 сағат ішінде қатысушылар жаңа идеялар, жарқын әсерлерге толы көңіл-күй, командамен жұмыс жасау тәжірбиесін жинақтап шығады.

Басты мақсат - ең қызықты жобаны құру, жаңа тәжірибе мен басты жүлдені жеңу! HackDay-ға қатысу - бұл қуатты шығармашылық ортада топты жинау, сонымен қатар қызықты жобаға ену үшін жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Қатысушылар дайын идеямен келе алады немесе сол күні тікелей команда құрауға болады.

HackDay жас кәсіпкерлерге қысқа мерзімде жобаны іске асыруға және оның идеясын ұзақ мерзімділікке жеткізетін жағдай жасауда. Соның арқасында нарықта пайда болған жобалардың көпшілігі тұрақты бизнеске айналды.

 

Мақсатты аудитория: орта мектеп оқушылары 10-11 сыныптар, колледждер мен университеттер студенттері, түрлі салалардағы мамандар.

Жобаға қатысушылардың мақсаты:

 

1.      Әдетте жеткілікті уақыт болмайтын жобаны екі күн ішінде әзірлеу

2.      Жобаңыз үшін команда жинап, шарада кейін бірге жұмыс істеуді жалғастыру

3.      Жобаға каржылай инвестиция табу

4.      Шеберлік сағаттарда тәжірбиелік білім алу

 

Секциялар:

- Ақпараттық технологиялар
- Кино және видео
- Контент және медиа

 

Қосымша ақпарат және аккредитация бойынша:

Қарабаев Шыңғыс Тұрдалұлы

8 (727) 33085 62 (2004)

8747-714-07-75

s.karabayev@iitu.kz