
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қамқорлығымен, бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерейіне орай, компьютерлік білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын «Шаг» Компьютерлік Академиясы осы бірлескен жобада әлеуметтік серіктес бола отырып, инновациялық мектеп алаңын жабдықтауға арналған құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Бұл ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құрастыру және бағдарламалаудың 10 негізгі топтамасы жоғарғы сынып оқушыларына инженерлік және дизайн-ойлау дағдыларын, сонымен қатар математикалық модельдеу біліктерін дамытуға ықпалдасатын «Робототехника» курстарын оқыту барысында пайдаланылады. Оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытумен қатар, бұл мобильдік кабинет Ақтоғай ауданының шалғайда орналасқан ауылдық шағын жинақты мектептеріне көшпелі түрде іс-тәжірибелерді трансляциялау мақсатында пайдаланылатын болады.
Бүгінгі таңда оқытудың бастауыш және орта буын сатыларында «Легоконструкциялау» курстары жүргізілуде, мұнда балалар Lego конструкторларының көмегімен ұсынылған сызба бойынша модельдер жасай отырып, өздерінің шығармашылық жобаларын әрі қарай табысты презентациялауда. Осы курсты жалғастыра отырып, жоғарғы сынып оқушылары C және С++ тілін қолдану арқылы микробақылаушыларда сенімді құрылғыларды бағдарламалауды үйренеді. Мектеп түлектері болашақ мамандықтарын таңдау барысында өндірістік үдерістерді цифровизациялау және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу, сандық технологияларды қолдану салаларына ден салады.
Білім беру робототехникасы, жаңа педагогикалық технология ретінде, балалар мен жастарды теникалық шығармашылыққа белсенді атсалысуға, конструкциялау, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. Қарағанды облысы Білім беру басқарамасының бастығы Имангалиев Е.Н. оқушыларға кең ауқымды мүмкіндіктер беретін мұндай қолданбалы ғылымның дамуына жан-жақты демеу көрсетуде. Қызығушылықтары мол оқушылар тек мұғалімдер мен оқушылардың шеберлік сыныптарын көріп қана қоймай, оларға өздері де белсенді түрде қатыса алады. Облысымыздың Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, директоры Г.Ш. Кожахметова, робототехника бойынша облыстық он-лайн сабақтарды белсенді түрде пайдаланады. Тірек мектебінің «IT-технологиялар» құзыреттілік орталығының қызметкерлері арнайы курстарды тәмамдап, жобаны табысты жүзеге асыру үшін қажетті «Wordpress негіздері», «Arduino UNO», «C## негіздері» бойынша қосымша білім алды. Біз Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығына және «Шаг» Компьютерлік Академиясына, директоры Рыбкин И.С., жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқыту семинарлары үшін, сындарлы диалог пен оңтайлы қарым-қатынас құру үшін, іс-тәжірибе алмасып, өзара сыйластық пен үйлесімдік қатынасты орнату үшін жасалған барлық жағдайлар үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Инновациялық алаңның презентациясына «Шаг» Компьютерлік Академиясының директоры Рыбкин И.С., «КАЗБРЕНД» қоғамдық қорының директоры Кошляк И.А., педагогтер мен оқушылар, ата-аналар мен кент тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.