Нақты егін шаруашылығы

Нақты егін шаруашылығы

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і алғаш рет ауыл шаруашылығы үшін инженерлерді дайындауды бастайды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында  "Ақылды технологиялар" – бұл агроөнеркәсіптік кешеннің дамуындағы серпіліс жасау үшін мүмкіндік, - деп атап өтті. Атап айтқанда, мемлекет Басшысы, жаңа технологиялар трансферті және оларды отандық жағдайға бейімдеу жолымен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортының өсімін және еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайтуға аграрлық саясатының қажет екенін атап көрсетеді.

 

Жолдаудың үшінші бағытында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында, ағымдағы жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті "Нақты егін шаруашылығы" деп  аталатын жаңа инновациялық магистрлік білім беру бағдарламасын енгізеді. Осы бағдарлама бойынша оқытылған инженерлік–техникалық мамандар геодезия, картография, ақпараттық, спутниктік және ГАЖ-технологиялары, пилотсыз техникамен басқару, агрономия, жоспарлау және менеджмент экономикасы саласында маманданатын болады. Атап айтқанда, нақты егіншілік үшін ауыл шаруашылығы техникасымен және агротехнологиялармен басқарудың инновациялық жүйелерін мақсатты әзірлейтін болады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі