Ғылыми-техникалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының «Балалар мен жастардың ғылыми-техниалық шығармашылығын дамыту» республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы жөнінде ақпарат

Ғылыми-техникалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар басшыларының «Балалар мен жастардың ғылыми-техниалық шығармашылығын дамыту» республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылғы 19 қаңтарда Петропавл қаласында ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) кеңейтілген отырысын өткізді.

 

Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына ҚР білім және ғылым, әділет, инвестициялар және даму министрліктерінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің, Солтүстік Қазақстан облысының өкілді және атқарушы билік өкілдері, сонымен қатар ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын республиканың жалпы орта және ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтері, ҮЕҰ және коммерциялық құрылым өкілдері қатысады.

 

Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін орындау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында техникалық шығармашылықтың республикалық жарыстарын ұйымдастыру және өткізу, білім беру ұйымдарында техникалық шығармашылық бойынша инновациялық технологияларды енгізу (IT технология, робототехника, 3D модельдеу, сандық технология), білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, оқушылар сарайлары, үйлері және шығармашылық орталықтары базаларында технопарктер құру мәселелері қарастырылды. Қостанай қаласының техникалық шығармашылық Мектебінің тәжірибесі ұсынылады. Кеңес жұмысына 180 адам қатысты.

 

Үйлестіру кеңесінің шеңберінде Петропавлда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Р.П. Шер, «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің менеджері Л.А. Барон, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Г.Р. Каримованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына қатысты брифинг өткізілді.

 

Үйлестіру кеңесінің қатысушылары оқу бағдарламаларының басты приоритеті болып білім алушылардың қоғамдағы өзгерістерге бейімделу қабілетін дамыту, жаңа білімдерді меңгеру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу, білім мазмұнын техникалық қолдау, оқушылар сарайларында технопарктер ашу туралы Президенттің идеяларын қолдады.

 

Енді оқушылар сарайлары, үйлері және шығармашылық орталықтары оданда қызықты болады, өйткені балалар, балалар технопаркінде техникалық шығармашылықпен (авиамоделдеу, робототехника, архитектура және дизайн, макеттеу) айналысып қана қоймай, арнайы бағдарламалармен (робототехника, сәулет өнері және дизайн, макеттеу, экология-биологиялық зерттеу, бағдарламалау, 3D-моделдеу және компьютерлік анимация, видеомонтаж, интерфейс дизайны және т.б.) шұғылданады.

 

Отырысқа қатысушылар қосымша білім беру педагогтерінің шеберлік сыныптарына қатысып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Астрофизикалық обсерваториясына барды, инновациялық технологияларды енгізу арқылы машина жасау колледжі студенттерінің ғылыми-техникалық шығармашылығының дамуымен, WRO робототехникасы бойынша бүкіләлемдік олимпиадасына дайындығы тәжірибесімен танысты.

 

Ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беруді дамытудың маңызды аспектілерін талқылау баланың дамуға және өзін-өзі іске асыруға, жастарды техникалық сауаттылыққа тәрбиелеуге, олардың кәсіби бағдарлануына, түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға, сабақтан тыс іс-әрекетінің уәждемелік әлеуетін дамытуға, құқығын қамтамасыз етуге бағытталған келешек басымдылықтарын анықтауға көмектеседі.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша қатысушылар балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын жетілдіру бойынша ұсынымдар дәйектелді.