Мамандандырылған мектептер педагогтарының республикалық форумы

Мамандандырылған мектептер педагогтарының республикалық форумы

Бүгін, 2018 жылғы 24 қаңтарда, Павлодар қаласының Достық үйінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы  өткізілді.     

 

Республикалық іс-шара Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертiс дарыны» өңірлік орталығы мен  мамандандырылған мектептер негізінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында басқару тиімділігі және білім беру сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында  ұйымдастырылды.

 

Ток-шоу форматында өткен кездесудің 150-ден астам қатысушысы бүгінгі күндегі өзекті тақырыбы бойынша пікірлерімен бөлісе алды. «Дарын» аймақтық орталықтарының басшылары, облыстық білім беру басқармаларының өкілдері, мамандандырылған мектеп директорлары мен оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, мұғалімдер, психологтар және ата-аналар қызу кеңес барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында туындаған өзгерістер жөнінде тәжірибе алмасты.

 

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған мектептері өз жетістіктерін көрмеде көрсете білді.

 

Түстен кейін қонақтар инновациялық педагогикалық идеялар және жобалармен танысу мақсатында Павлодар қаласының 4 мамандандырылған мектептері мен оқушылар сарайына барды.

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 

оқу-әдістемелік орталығы