
Дуалды оқытуды енгізу бойынша тәжірибені жалпылау және көрсету (халықаралық тәжірибені есепке ала отырып) мақсатында 2017 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі мен «Холдинг «Кәсіпқор» комерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп, Достық үйінде «Дуалды оқыту: үздік тәжірибелер, трендтер және стратегиялар» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына халықаралық серіктестер сарапшылары (Германия, Финляндия, Ресей), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер және кәсіптік және техникалық білім беру орындарының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын «Холдинг «Кәсіпқор» комерциялық емес акционерлік қоғамын басқару төрағасы Н.Р. Аршабеков ашты. Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев конференцияға қатысушыларды құттықтады. «Қазақстан Республикасындағы дуалды білім беру жағдайы туралы» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіби білім беру департаменті директорының орынбасары Г.Н.Даулетова баяндама оқыды.
Конференция жұмысы пікірталас сессиялары мен дуалды оқыту тәжірибесін көрсету түрінде ұйымдастырылды. Пікірталас сессияларында «Дуалды білім берудің үздік тәжірибесі», «Жаңа форматтағы мамандарды даярлаудың талаптары», «Дуалды білім беруді дамытудың жаңа курсы» тақырыптарында баяндамалар жасалып, талқыланды.
Түстен кейін конференция қатысушылары дуалды оқыту тәжірибесін көрсету шеңберінде колледж студенттерінің тәжірибеден өтетін «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «ТНК Казхром» АҚ кәсіпорындарының аймақтарын аралап, компаниялармен жұмыс жасайтын «Павлодар түсті металлдар колледжі» және «Ақсу қара металлургия колледжі» базаларымен танысты. Сонымен қатар, «Дуалды білім беруді енгізу үшін өзекті үлгілік жоспарлар және бағдарламалар мүмкіндігі», «Дуалды білім беру шеңберінде кәсіпорындардағы тәлімгерлік», «Жұмыс орнында оқыту. Дуалды білім беруді қаржылық және қаржылық емес ынталандыру» тақырыптары бойынша колледждер тәжірибесін көрсету және нәтижелі тәлімгерлік бойынша шеберлік сағаттары мен әдістемелік семинарлар өткізілді.
Конференция соңында Н.Р. Аршабеков Павлодар түсті металлургия колледжі және Ақсу қара металлургия колледжінің басшыларын, колледждердің әлеуметтік серіктестіктерін, Павлодар облысы білім беру басқармасы өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.