«Өрлеу» Ұлттық кадрларды даярлау орталығында – «Мұғалімнің коммуникативтік дағдылары» бағдарламасы бойынша «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ренессанс Агенттігінің бірлескен жобасының нәтижелері ұсынылды. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып келген.
Жоба шеңберінде республика орта мектептерінің 35 тренер-оқытушысы дайындықтан өтті, өздерінің тенерлік дағдыларын жақсартты.
10 тренер-оқытушы қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа тренинг бағдарламасы бойынша барлық өңірлерде қазақстандық мектеп мұғалімдерін оқыту құқығын алды. Жыл бойы 300-ге жуық мұғалім өздерінің оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынас дағдыларын жақсартады деп күтеміз.
«Мұғалімнің коммуникативті дағдылары» тренингі білім беру жүйесі үшін ерекше болып табылады және бизнес ортада Ренессанс Агенттігінің 22 жылдық жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол білім беру жүйесін негізге алған және қазақ тіліне аударылған.
Тренингті 2017 жылғы 17 наурызда Ренессанс Агенттігі мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасындағы Меморандум аясында Ренессанс Агенттігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығына мерзімсіз пайдалануға берген. Әдістемелік материалдарын қазақ тіліне орталық мамандары аударған. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық тренерерлері коммуникативті дағдыларын жетілдіріп, сертификат алды.
«Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханованың айтуынша, «ел азаматтарының зияткерлік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін білім берудің инновациялық жолдарын табу әрдайым біздің әлеуметтік инвестицияларымыздың назарында. Біз сондай-ақ қазақстандық жас ұрпақты тәрбиелеуде мектеп пен отбасының қоян-қолтық бірлесуін маңызды деп санаймыз».
Білім мен ғылым саласы іргелі өзгерістер кезеңін өткеруде. Мектеп мұғалімдері осы өзгерістердің бірінші кезктегі насихатшылары, оны мектепте жүзеге асырып, реформалардың мәнін оқушылар мен ата-аналарға түсіндіреді.
Білім берудің жаңарған мазмұнына көшу оқушыдың енжар қатысушы ғана емес, мұғаліммен тығыз байланысып, бастама көтеріп, дербестігін көрсететін оқу үдерісіндегі жаңа мақсаттарды және белсенді оқыту технологиясын қамтиды.
Сондай-ақ орта білім беруде бағалаудың критериалдық жүйесіне көшу жүреді, бұл оқушы мен мұғалім арасындағы сапалы кері байланыс. Мектепте қазір енгізіліп жатқан барлық өзгерістер мұғалімнен коммуникативті дағдыларын барынша жоғары меңгеруін талап етеді. Жаңа тренинг бұған серпінді ықпал етеді.