Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурсты 2017 жылдың 27 қарашасында жариялады.
Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланған. Конкурстық құжаттама және өтінімді даярлау бойынша консультацияларды мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.