
Тұңғыш Президент күні мерекесіне және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылғы 27-29 қараша күндер аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі жұмысшы мамандығының «Batys Skills» кәсіптік шеберліктің аймақ аралық чемпионатын өткізді.
Мақсаты: мамандықтар бойынша жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтау, қолдау көрсету, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру, облыстар арасында тәжірибе алмастыру.
Чемпионаттын ашылу және жабылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Сәкеев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н. Оспанова, Қазақстан Республикасының сарапшылар, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Мәслихат депутаттары, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері, БАҚ өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда облыстарының білім саласының өкілдері және студенттері, әлеуметтік әріптестер қатысты, ата-аналар.
«World Skills» жобасы негізінде қаланған «Batys Skills» – студенттер және жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген аймақаралық жоба. Осы жобаға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Батыс Қазақстан аймағына жататын облыстар арасында ынтымақтастық меморандумы жасалып, келесі эстафета Ақтөбе облысына өткізуге тапсырылды. «Batys Skills» аймақ аралық жобасы тұңғыш рет Маңғыстау облысында өтті.
27 қараша күні «Хан Шахар» салтанатты сарайында жұмысшы мамандығының «Batys Skills» кәсіптік шеберліктің аймақ аралық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
28 қараша күні чемпионатында «Темір жонушы (токарь) жұмыс сандық бағдарламалық басқармалары (СББ)» құзыреттілігі бойынша Ақтау машина жасау зауытында, «ІТ желісін жүйелі басқару» құзыреттілігі бойынша Mediana Services Limited компаниясында, «Кірпішті қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстар» және «Майлау және безеңдіру жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша Маңғыстау политехникалық колледжінің ресурстық орталығында, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Ақтау тренинг орталығында, «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша «Caspian Riviera» қонақ үйінде, «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша Маңғыстау энергетикалық колледжінде, «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша Маңғыстау туризм колледжінде, «Киім үлгілеу» құзыреттілігі бойынша Қарақия кәсіптік колледжінде, «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу» құзыреттілігі бойынша Қарақия кәсіптік колледжінде 80 студент бақтарын сынады. Оның ішінде 25 студент Маңғыстау облысынан қатысты.
29 қараша күні Ақтау қаласының «Балдәурен» демалыс базасында жұмысшы мамандығының «Batys Skills» кәсіптік шеберліктің аймақ аралық чемпионатының салтанатты жабылуы өткізіліп, жеңімпаздарды марапаттады.
Чемпионаттын қорытындысы:
«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Уйсенов Мейірман Маратұлы, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Адиль Бейбарыс Адильулы, Ақтөбе облысы;
ІІІ орын – Джексенбаев Нуржан Жалгасбаевич, Атырау облысы.
«ІТ желісін жүйелі басқару» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Патынга Илья Викторович, Ақтөбе облысы;
ІІ орын – Мерешов Наурызбек Бердибекович, Маңғыстау облысы;
ІІІ орын – Симанов Исмаил, Ақтөбе облысы.
«Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша
І орын – Кашкинбаев Нурлыорак Темирболатович, Ақтөбе облысы;
ІІ орын – Ізтөре Ерғазы Ғиниятоллаұлы, Маңғыстау облысы;
ІІІ орын – Дидар Аян Дидарұлы, Атырау облысы.
«Кірпішті қалау» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Аманжолов Найзабай Алтмисбайұлы, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Мұратов Иманғали Есенболатұлы, Атырау облысы;
ІІІ орын – Сисенали Абзал Сисенғалиұлы, Атырау облысы.
«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстар» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Биғалиев Ернар Қуандықұлы, Батыс-Қазақстан облысы;
ІІ орын – Нұрмұханбетов Жасұлан Байғалыұлы, Маңғыстау облысы;
ІІІ орын – Баймағамбетов Ержан Ерболатұлы, Атырау облысы.
«Майлау және безеңдіру жұмыстары» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Алибаев Заманбек Жексенбайұлы, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Сисенов Аян Абдолұлы, Атырау облысы;
ІІІ орын – Утеулиева Сауле Болатовна, Ақтөбе облысы.
«Темір жонушы (Токарь) жұмыс сандық бағдарламалық басқармалары (СББ)» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Егеубаев Берекет Жетпісбайұлы, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Тлес Дидар Сағынғалиұлы, Батыс-Қазақстан облысы;
ІІІ орын – Ақтан Сәкен Ақтанұлы, Маңғыстау облысы.
«Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Өмірзақов Бауыржан Еркінұлы, Ақтөбе облысы;
ІІ орын – Шаповалов Адам Бесланович, Маңғыстау облысы;
ІІІ орын – Қалдыбай Ақмырза Нұрболатұлы, Жамбыл облысы.
«Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Жалғасбаева Амангүл Мақсатқызы, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Гариффулина Ильнура Илизаровна, Атырау облысы;
ІІІ орын – Абдулманова Ильвира Газинуровна, Батыс-Қазақстан облысы.
«Киім үлгілеу» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Кунаева Акжаркын Батыровна, Маңғыстау облысы;
ІІ орын – Бозгуланова Нуршат Сағидоллақызы, Ақтөбе облысы;
ІІІ орын – Нұрлыбекқызы Гаухар, Маңғыстау облысы.
«Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Серікбай Қайыржан Қайратұлы, Ақтөбе облысы;
ІІ орын – Оңдаған Мұрат Кенжебайұлы, Маңғыстау облысы;
ІІІ орын – Рысқали Алтынбек Кендебайұлы, Атырау облысы.