Оқулықтар мен оқу-методикалық кешендердің сараптамалары мен апробацияларының аралық қорытындыларын қарастыратын пәндік комиссиялардың отырыстары өтуде

 Оқулықтар мен оқу-методикалық кешендердің сараптамалары мен апробацияларының аралық қорытындыларын қарастыратын пәндік комиссиялардың отырыстары өтуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетте 5-9 желтоқсан күндері оқулықтар мен оқу-методикалық кешендердің  сараптамалары мен апробацияларының аралық қорытындыларын қарастыратын пәндік комиссиялардың отырыстары өтеді.

 

12 пәндік комиссиялардың құрамы 112 ғалым және практик ұстаздардан құралған.

 

Комиссиялардың қарауына 3, 6, және 8 сыныптарға арналған 470 оқу құралы ұсынылған: 3 сынып үшін 164 оқу басылым (оның ішінде 55 оқулық), 6 сынып үшін 125 басылым (52 оқулық) және 8 сынып үшін 163 басылым (67 оқулық).

 

Сонымен қатар пәндік комиссиялардың қарауына 8 сыныпқа арналып әзірленген ағылшын тіліндегі 3 оқулық ұсынылып отыр.

 

Пәндік комиссиялар жұмысының ерекшелігі – олар оқулықтар сапасын жетілдіруге тікелей қатысуында. Оқулықтармен қатар олар сараптамалардың аралық нәтижелерін, оқулықтар сапасының қоғамдық бағалауынан түскен ескертулер мен ұсыныстарды,  сондай-ақ, қараша айында еліміздің өңірлерінде өткізілген кездесулердің нәтижесінде ұстаздар тарапынан тұскен ұсыныстар қарастырылады.  Аталған кездесулерге 7 мыңнан астам мұғалім мен оқулықтардың 160 авторлары қатысқандығын атап өту қажет.

 

Пәндік комиссиялардың мүшелері сарапшылардың ескертулері мен қоғам және ұстаздар тараптарының ұсыныс-кеңестерін сараламақ. Осы жұмыстың қорытындысында әр оқулық бойынша сараптамалық   анықтама беріліп, оқу құралдарының авторларына ұсынылады. Нәтижесінде оқулықтар мазмұндарына қажетті түзетулер енгізілмек.

 

Пәндік комиссиялардың жұмысы тек оқу басылымдарын бағалаумен ғана емес, сонымен қатар оқулықтардың сапасын жақсартуды көздейтін нақты ұсыныстар қабылдауға бағытталып отыр. 

 

Оқулықтарды білім беру ұйымдарында  қолдануға ұсыну жөніндегі соңғы шешім тек оқу басылымдарының сараптамалары мен апробацияларының қорытынды нәтижелері қарастырылғаннан кейін ғана қабылданбақ. 

 

Демек, 3, 6, және 8 сыныптарға арнап, 2018-2019 оқу жылы енгізуге ұсынылатын оқулықтардың сапасын жақсарту жұмыстары  қарқынды жүргізіліп жатыр.

БАҚ-ның аккредитациясы жөнінде 74-24-14 байланыс телефоны бойынша хабарласуға болады.