
Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017 жылғы 9-10 желтоқсан күндері өткізілген информатика пәнінен IX Еуразиялық олимпиадасына Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 50 команда қатысты.
Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту, компьютерлік модельдеу, есеп ғылымдар және ақпараттық технологиялар саласындағы талантты жастарды анықтау.
Іс-шара қорытындысы бойынша Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Фролова Дарья, Альгожин Алибек және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Зейнекен Адлет, Ғаллам Ислам, Аманжолов Рустем қола медальмен марапатталды.