ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) және Білім беру кредиттерін кепілдендіру (бұдан әрі – МБКК) бағдарламаларын ілгері жылжыту мақсатында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерімен ынтымақтастық туралы 1000-ыншы меморандумға қол қойды.
Аталмыш Меморандумның шеңберінде МБЖЖ мен МБКК-ны дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір және ақпарат алмасу, ата-аналар мен оқушыларға осы бағдарламалар жөнінде консультациялар беру, сондай-ақ мектептердің сайттары мен стендтерінде МБЖЖ мен МБКК туралы ақпарат орналастыру және ата-аналар жиналыстарында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарын атап көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істейтіндігі және мүмкіндіктері жайында ақпараттандыру жоспарланып отыр.
Мұндай ынтымақтастықпен мектеп түлектері үшін МБЖЖ шеңберінде оқуға қаражат жинақтау арқылы колледждерге және ЖОО-ларға оқуға түсудің және МБКК шеңберінде жеңілдетілген шарттармен білім беру кредитін алудың мүмкіндіктері кеңейтілмек.
2017 жылғы 13 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Қазақстанның мектептерімен 1000-ыншы Меморандум жасалды.
|
№ |
Облыс |
Мектеп саны |
|
1 |
Астана қ. |
33 |
|
2 |
Алматы қ. |
65 |
|
3 |
Ақмола |
51 |
|
4 |
Ақтөбе |
5 |
|
5 |
Алматы обл |
202 |
|
6 |
Атырау |
47 |
|
7 |
БҚО |
1 |
|
8 |
Жамбыл |
4 |
|
9 |
Қарағанды |
99 |
|
10 |
Қостанай |
85 |
|
11 |
Қызылорда |
26 |
|
12 |
Маңғыстау |
1 |
|
13 |
ОҚО |
87 |
|
14 |
Павлодар |
16 |
|
15 |
СҚО |
160 |
|
16 |
ШҚО |
118 |
|
Барлығы |
1000 |
|