
2017 жылдың 3-4 қарашасында Қарағанды қаласында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар Республикалық байқауы өткізілді.
Балалар өздерінің техникалалық туындыларын әділ-қазылар алқасына ұсыну үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен келді. Байқауға өңірлік кезеңдерінің 160 жеңімпазы қатысты.Сайыс 9 номинация бойынша өткізілді: автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру; өндіріс саласындағы техникалық құрастыру; ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру; әскери техника саласындағы техникалық құрастыру; су көлік саласындағы техникалық құрастыру; құрылыс саласындағы жобалар; жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар; авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер; космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер, зымыран құрастыру.
Байқаудың басты жеңімпаздары Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарының оқушылары танылды. Салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, бағалы жүлделер және сыйлықтар табысталды.
Байқаудың аясында шеберлік сабақтар өткізілді. Балалар экскурсия барысында Қарағанды қаласының кәсіпорындарына және жетекші университтеріне барды, ғылым қайраткерлерімен кездесіп, белгілі өнертапқыштар мен ғалымдардың шеберлік сабақтарына қатысты.
Байқаудың өткізілуін Қарағанды облысының әкімшілігі мен облыстық білім басқармасының қолдауымен тікелей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қамтамасыз етті
Оқушылардың осындай іс-шараларға қатысуы жас өнертапқыштардың кәсіпқой дайындалуына, олардың мектептер мен мектептен тыс ұйымдар негізінде шығармашылық және жасампаздық қабілеттерінің жүйелік дамуына мүмкіндіктерін ұлғайтады, оқушыларды ғылым және техниканың әр түрлі салаларындағы зерттеу және өнертапқыштық қызметіне тартуға, талантты балаларға қолдау көрсетуге, білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облыстарында өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тартуына, тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруына, және білім алушылардың өзін өзі кәсіби анықтауына жағдай жасауына мүмкіндік береді.