Бірінші Қазақстандық-америкалық жоғары оқу орындары форумы өтті

Бірінші Қазақстандық-америкалық жоғары оқу орындары форумы өтті

2017 жылғы 17 қарашада Бірінші Қазақстандық-америкалық жоғары оқу орындары форумы өтті. Форум жұмысына 80-нен астам америкалық пен қазақстандық жоғары оқу орны өкілдері, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің басшылары қатысты.

 

Ашылу рәсімі ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев пен ҚР-дағы АҚШ Елшісі Дж. Кролдың құттықтау сөздерінен басталды.  

 

Форумның басым міндеті университеттер әріптестігі (қос диплом бағдарламалары, тағылымдамалар, шетелдік студенттерді тарту) бойынша америкалық тәжірибесін зерттеу және алмасу, ағылшын тілі оқытушыларын даярлау және т.б. болып табылды.

 

Форумның жұмыс бөлігі ҚР БҒМ өкілдерінің Қазақстандағы білім реформасының барысы жөнінде таныстыруынан басталды, онда Орталық Азияда білім беру хабын дамыту, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту тәсілдемелері, сондай-ақ қазақстандық білім беру жүйесінің үш тілде оқытуға ауысуы мәселелері қозғалды. 

 

Америка тарабы Форум барысында үш тілде білім беруді дамыту стратегиясы, Қазақстандағы университеттер әріптестігі мәнмәтінінде стратегиялық ойлау, ХХІ ғасыр үшін ағылшын тілінде оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша таныстыру рәсімдерін өткізді.

 

Форум шеңберіндегі секциялық отырыстар барысында қазақстандық тарап америкалық жоғары оқу орындарымен ағылшын тілі оқытушыларын даярлау және университеттер әріптестігін нығайту тәжірибесі жөніндегі мәселелерді талқылады.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі