Мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің маңызды мәселелері бойынша кеңес өтті

Мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің маңызды мәселелері бойынша кеңес өтті

2017 жылғы 21 қарашада Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары басшыларының және орынбасарларының қатысуымен жұмыстық кеңес өткізді. Білім басқармаларының мектепке дейінгі және орта білім мәселелерімен айналысатын мамандар, облыстық әдістемелік кабинеттердің басшылары, әдіскерлер кеңеске селекторлық режимде қосылды.

 

Отырыс барысында мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша маңызды сұрақтар талқыланды.

 

«Мектепке дейінгі ұйымға жіберу үшін балаларды кезекке қою», мектепке дейінгі ұйымдар жөнінде санитарлық нормаларды өзгерту, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, критериалдық бағалау, еліміздің өңірлерінде 2018 жылы енгізілетін 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының және оқулықтарының жаңартылған мазмұнын талқылауды ұйымдастыру, мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесін азайту, жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу әдістемесі бойынша сұрақтар қаралды.

Жоғарыда аталған мәселелерді жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен талқылау бойынша сұхбат жүргізілді, сондай-ақ, кеңеске қатысушылардың көзқарастары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді және оларды орындаудың мерзімі белгіленді.