
Назарбаев Университеті, Астана қ-сы, 2017 ж. 13 қазан
КИМЭП Университеті, Алматы қ-сы, 2017 ж. 20 қазан
«Назарбаев Университеті» ДББҰ және «КИМЭП Университеті» АҚ академиялық сапаны қамтамасыз ету саласында қызмет ететін ЖОО-лар қызметкерлері үшін «Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдардағы рөлі» тақырыбындағы семинарлар циклын ұйымдастырады.
Семинар 2017 жылдың 13-қазанында Назарбаев Университетінде (Астана қаласы) және 2017 ж. 20- қазанында КИМЭП Университетінде (Алматы қаласы) өткізіледі.
Семинарда жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және қолдау барысында институционалдық зерттеулердің өзекті мәселелері мен студенттер, профессор-оқытушы құрам, түлектер және жұмыс берушілер арасында сауалнама ұйымдастыру және жүргізудің негізгі параметрлері талқыланады. Назарбаев Университеті мен КИМЭП Университетінің сарапшылары институционалдық зерттеулерді өткізу әдістемелері жөнінде практикалық сабақтарын өткізуді көздеуде.
Назарбаев Университетіндегі (Астана қаласы) семинар жұмысына байланысты сұрақтар бойынша Провост офисинің менеджері Ерболат Асылбекке хабарласыңыз:
Тел: +7(7172)70-90-11
E-mail: yerbolat.assylbekov@nu.edu.kz
КИМЭП Университетіндегі (Алматы қаласы) семинар жұмысына байланысты сұрақтар бойынша академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Нурия Катжановаға хабарласыңыз:
Тел: +7(727) 270-44-40 (ішкі нөмірі 2293)
E-mail: nuriya@kimep.kz