
«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚSpringer Nature Халықаралық басылымымен бірлесе отырып, «Springer Nature open days» шеңберінде ұйымдастырылып отырған Springer Nature Awards жылсайынғы марапаттау рәсіміне қатысуға шақырады. Онда Қазақстаннан және Орталық Азия елінің ұйымдары мен жиі басылымға шығатын авторлар маратталады.
Шара аясында қазақстандық мақалалардың рейтингі жоғары шетелдік басылымдарға шығуы және қазақстандық басылымдардың халықаралық шетелдік стандарттарға сәйкестігі мәселесі бойынша қазақстандық авторлар мен ғылыми журналдардың редакторлары үшін халықаралық шеберлік сабақтар өткізіледі. Шеберлік сабақты Nature Physics журналының Бас редакторы Бартом Верберк жәнеSpringer Nature өкілі Ирина Александрова өткізеді.
Шеберлік сабақтың тақырыбы:
- «Рейтингі жоғары журналдарда ағылшын тілінде Қазастаннан мақалалар санын арттыру»;
- «Қазақстандық журналдардың сапасын арттыру».
Шара 2017 жылы 6 қарашада, Алматы қ. Бөгенбай батыр даңғылы, 221, конференц-залда өтеді, басталуы сағат 10.00-де, тіркелім сағат 09.00-ден басталады.
Шараға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша онлайн тіркелімнен өтуді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEHIKMla01fiUNZ4jQBKXscaHu8sPDHV8obuaylYcvK4muAw/viewform?usp=sf_link.
Кез-келген сұрақ бойынша келесі телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +7 727 378 05 78, e-mail: 3780544@bk.ru.
БАҚ аккредиттеуден өту үшін келесі телефон нөміріне хабарласыңыз: +7-727-378-05-72., e-mail: zhumakan@mail.ru.