
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының әкімі А.О. Исекешев және Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл З.Я. Балиеваның қолдауларымен «Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында тұңғыш рет ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған І-ші Республикалық конференциясы өткізіледі.
Конференцияның ұйымдастырушылары: «Асыл бала» Республикалық Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы.
Конференцияның мақсаты – еліміздің толық құқықты азаматы ретінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар арасында байланысты нығайту үшін диалогты алаң құру.
Ата-аналар конференциясының серіктестері «Жұлдызай» корпоративті қоры, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ, «Дара» қоғамдық қоры, «Асыл мирас» қайырымдылық қоры, «Болашақ» қайырымдылық қоры.
Іс-шараның бағдарламасында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қолдау аясында үкіметтік емес ұйымдардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері туралы презентациялар ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, конференция соңында ата-аналар қалалық білім басқармаларының, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт өкілдерінен консультациялар алады.
Өткізілетін күні: 2017 жылғы 14 қазан
Басталатын уақыты: сағат 10.00
Өткізілетін орны: Астана қ., Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы көшесі, 5
БАҚ қатысу және аккредиттау үшін байланыс:
8 776 180 38 68 Ақмарал pressa@asylbalaorg
8 778 187 68 88 Алия