
«Маңғыстаудың аридті жағдайында фитомелиорация мен бақ шаруашылығының жеміс-жидек пен ағаш-сәндік өсімдіктерінің көшет материалдарын өсірудің контейнерлік әдісі технологиясын коммерцияландыру»
Иманбаева Ақжуніс Алтайқызы, б.ғ.к.
Ақтау қ., ҚР БҒМ ҒК «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» РМК
2017-2020жж.
Жоба мақсаты: Маңғыстаудың аридті жағдайында жасыл құрылыстың, фитомелиорация мен бақ шаруашылығына жеміс-жидек пен ағаш-сәндік өсімдіктерінің көшет материалдарын өсірудің контейнерлік әдісі технологиясын ендіру.
Күтілетін нәтижелер:
- жалпы алаңы 2,0 га заманауи контейнерлік көшеттік құру;
- ағаш өсімдіктерінің көшеттікте жаппай көбейту үшін ассортимент тандау (300-ден түрлерін, сұрып мен пішіндер).
ҒҒТҚН сипаттамасы
ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру үшін ұсынылатын Маңғыстаудың аридтік жағдайлары үшін оңтайландырылған жергілікті репродуктивті және жоғары сапалы көшеттермен аймақты көгалдандыру және бағбандық ұйымдастыру мәселесін шешу үшін ағаш өсімдіктерінің отырғызу материалдарын өсіру технологиясын білдіреді.
Артықшылықтары:
- жоғары сапалы көшет материалдарын өсіру мерзімін қысқарту;
- өсірудің қолайлы бақыланатын ортасын жасау арқылы тұқымдарды үнемдеу;
- отырғызылған өсімдіктердің жоғары ұласып өсуі мен келесіде сақталуы;
- құнарлы топырақ субстратын қолдану арқылы құрғақшылыққа және тұздылыққа төзімділікті арттыру;
- көшет материалдарын локальді суару арқылы жеткіліксіз суару суын үнемдеу;
- жоғары технологиялық агротехниканы қолдану арқылы қол еңбегі үлесін төмендету;
- Маңғыстау шөл аймағының қатал жағдайларында құрылатын бау-саябақ екпелерінің сәнділігі мен өнімділігін арттыру;
- кейінгі агротехникалық және орман өсіру күтімдерін жүргізуге арналған шығыстарды төмендету (1,5-2 есеге дейін).
Жобаның ағымдағы жағдайы:
- Туннельді жылыжайдың (400 м2) және топырақты араластыруға арналған тыңайтқыштарды енгізумен және ылғалдандырумен және қондыру конвейері бар горшоктарды автоматты түрде толтырумен екі машина сатып алынды және іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді;
- Ақтау қаласының 10 және 34А шағын аудандарында МЭББ ерекше қорғалатын табиғи территориясының аумағындағы 4 учаскеден тұратын ауданы 2 га контейнерлік питомниктің жобасы әзірленді. 10-шы шағын ауданда 1 га питомникті абаттандыру және игеру жұмыстары толығымен аяқталды.
Тұрғындарға және ұйымдарға көшеттерді сату және көгалдандыру тақырыбы бойынша шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын орындау арқылы жоба бойынша ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2018 жылы ботаникалық бақ 140 жеке тұлғаға, 63 ұйымдар мен кәсіпорындарға 53 ағаш өсімдіктерінің 9339 көшеті, сұрыптары мен пішіндерін, оның ішінде 861 дана қылқан жапырақты (4 түрі мен пішін), 3670 жапырақты және жеміс ағаштары (27 түрі мен сұрып), 384 жапырақты сәнді гүлденген бұталар жеке және топтық отырғызуға (13 түрі), 3104 жасыл қоршауға арналған жапырақты бұталар (2 түрі), 53 – шырмауық өсімдіктер (2 түрі) және 1267-шай-гибридті, өрілген және жиек раушан (5 сұрып). Ең үлкен сұранысқа жапырақты ағаштар – 39,3% және жасыл қоршауға арналған бұталар - 33,2%, сондай – ақ сұрып раушан-13,6% ие болды.
2018 жылы контейнерлерде көшеттерді өткізудің жалпы көлемі 38 377 870 теңге болды.
Даму перспективалары:
2020-2022 жылдарға дейін отырғызу материалын өсіру көлемін жыл сайын 20-25 мың көшетке дейін жеткізу жоспарлануда, бұл ретте сәндік өсімдіктердің ассортиментін 90-100 дейін сұрып, пішін мен түрлерін кеңейту жоспарлануда. Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларында питомник шаруашылығының практикасына контейнерлік әдісті енгізу болжанып отыр.