ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Канализациялық ағындарды жинағыш көлдерді белсенді микроағзалар арқылы биологиялық тазалау технологиясын әзірлеу
"Biomix" ЖШС
Нарықтың алғышарттары мен қазіргі проблемасы
Қазіргі уақытта Қазақстанда ластанған ағынды және кәріздік сулар проблемасы бар, өйткені қолданылатын тазарту технологияларының тиімділігі жеткіліксіз әрі шығындылығы жоғары болып табылады. Мысалы, сарқынды сулардың жалпы көлеміндегі ластанған сарқынды сулардың үлесі шамамен 90%-ды құрайды. Ластанған ағынды сулар тікелей фильтрлеу алаңдарына және Қазақстан қалаларының жинаушы көлдеріне ағызылады.
Соңғы жылдары ластанған су қоймаларын қалпына келтіру процесін белсенді микроағзалардың көмегімен тездетуге болады.
Технологиялық шешімнің сипаттамасы
Ұсынылатын технология су қоймасында табиғи және тұрақты биоценоз құруға бағытталған белсенді микроорганизмдер (7 штамм) бар биопрепарат болып табылады. Ластанған су қоймаларына биопрепаратты (сұйық түрде немесе балшық түйіршіктер түрінде) енгізген кезде су қоймаларын өздігінен тазалаудың белсенді процесі іске қосылады, күкіртсутегінің және патогенді микроорганизмдердің құрамы төмендейді. Биопрепаратты қолдану суды аз шығынмен тиімді кешенді тазалауға мүмкіндік береді.
Технологияның артықшылықтары
ü Шетелдік баламаларына қарағанда 2-3 есе арзан;
ü Мобилділік;
ü Бейімделігі;
ü Экологиялығы;
ü Су айдынының өзін-өзі тазарту процесі 3-6 ай ішінде іске қосылуы;
ü Импорт алмастыру;
ü Басқа тазалау әдістерімен салыстырғанда, экологиялық проблемаларды шешуге кететін шығындарды және сервистік қызмет көрсету шығындарын 2-3 есеге азайту.
Нарықтық әлеует және қолдану аясы
Ағынды сулар мен септиктерді тазарту бойынша препараттардың жалпы көлемінен биопрепараттардың көлемі 5%-ды құрайды. Оған қоса, нарықта отандық препараттар жоқ, тек шетелдік өнімдер. 2018 жылы нарықтың жаһандық көлемі 2,6 млрд. АҚШ долл. құрайды, жыл сайынғы өсімі 5-7%.
Қазақстанның 80-ге жуық су объектілері (86%) әртүрлі дәрежеде химиялық реагенттермен, органикалық заттармен және нәжістермен ластанған. Оның ішінде екі су көзін инспекторлар "өте лас" деп белгілеген. ЛШамамен ластанған су айдынының 1 га алқабына (6-8 ай) шамамен 2-3 л биопрепарат жұмсалады.
Ағызылған сарқынды сулардың жалпы көлеміндегі тазартылмаған сарқынды сулардың үлесі жыл сайын абсолютті, сондай-ақ салыстырмалы түрде ұлғаюда. Осылайша, Қазақстанда ағынды суларды биологиялық тазарту технологиялары мен биопрепараттарды өткізудің жеткілікті әлеуетті нарығы байқалады деп болжауға болады.
Әлеуетті клиенттер - су тазарту, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары, сүт, май, май өңдеу зауыттары, шұжық цехтары, жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау басқармалары, жеке тұлғалар (жеке үйлер мен бағбандық учаскелердің септиктері).
ü Даму сатысы және нәтижелері
ü 7 штаммда депоненттеу туралы паспорттар әзірленді және микроағзалардың республикалық коллекциясына қолдаухаттар берілді.
ü "Балық шаруашылығы ҚазҒЗИ" ЖШС және "Астана су арнасы" АҚ-ның Балқаш қ. филиалымен тәжірибелік сынақтар жүргізілді және 2017-2018 жылы енгізу актілеріне қол қойылды.
ü Сертификаттау жүргізілді және СТ-KZ тауардың шығу тегі туралы сертификаттар, ISO 14001 "Экологиялық менеджмент жүйесі", ISO 9001 "Сапа менеджмент жүйесі", ISO 18001 "Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйесі" сәйкестік сертификаттары алынды.
ü 2018 жылы әлеуетті клиентке биопрепаратты тестілік сату жүзеге асырылды, растайтын құжаттар бар;
ü Алынған патенттер: 15.03.2019 жылғы №33540 өнертабысына, 23.05.2018 жылғы №KZ2018/030 өнертабысқа еуразиялық патенттік өтінім берілді.
ü 2018 жылы "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" РМК мен "Biomix" ЖШС арасында ерекше құқықтарды беру шартына қол қойылды және тіркелді.
ü 2018 жылы грант алушының патенті бойынша технологияны әлеуетті сатып алушыға ерекше емес лицензияны беру жөнінде лицензиялық шартқа қол қойылды және тіркелді.
Ынтымақтастық мүмкіндіктері
"BioMix" ЖШС канализациялық тазарту секторында өз қызметін жүзеге асыратын коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындармен ынтымақтастыққ мүдделілігін білдіреді және:
ü Белсенді микроорганизмдер негізінде тиімді биопрепараттар сатып алу;
ü Кәріздік және ағынды суларды биологиялық тазарту бойынша қызметтер;
ü Лицензиялық технология негізінде биопрепарат өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынады.
Байланыс нөмірлері:
Темірханов Аслан Жанаевич, жоба жетекшісі, тел.: +7 705 749 41 91.
Кураганов Марат Кенесович, коммерциализация бойынша маман, тел.: +7 701 514 16 77.
Уткелбаев Саттар Рахатович, технологиялық брокер, тел. +7 701 773 89 66.