
Күні және уақыты: 2019 жылғы 6 сәуір, сағ. 10.30
Өткізілу орны: Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Отырар шағын ауданы, №140
ҚР Тұңғыш Президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері тұратын 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі жоспарлануда.
Іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері шақырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.