Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесі

Жазғы кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесі

«Балдаурен» РОСО                                                                           2019 жылғы 10 сәуір, сағ. 10.00-де

Ақмола облысы,

Щучье қаласы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 10 сәуірде "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығы базасында жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар - кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Семинар-кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы таныстырылады.

Семинар-кеңес жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, балалар-жасөспірімдер туризмі станциялары мен орталықтарының 230-дан астам өкілдері және балаларды сауықтыру ұйымдарының басшылары қатысады.

Кеңеске қатысушылар жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздікті, балаларды сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Семинар-кеңес балаларға арналған сауықтыру лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістерін қолдану бойынша тақырыптық секциялар, мастер-кластар өткізуді көздейді.

Семинар-кеңес аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаттығу іс-шаралары өтеді.

Семинар-кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді.