Жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті

Жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті

ҚР Тұңғыш Президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері тұратын 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы, Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Ибраимов Асқар Ізімбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы қатысты.